Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 қазандағы ауа райы: ашық та жылы күн

25 қазандағы ауа райы: ашық та жылы күн

“Қазгидромет” РМК мамандарының хабарлауынша, 25 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл көлі маңында күндіз екпіні секундына 17-22 метрге жететін жел соғады.
Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 25-26 қазан күндері Қазақстанның батысынан басқа өңірлерде ауа температурасы жоғарылайтынын хабарлаған еді.


25 қазан 2018 ж. 1 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031