15 қазанға арналған ауа райы болжамы
“Қазгидрометтің” хабарлауынша, 15 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болады.
Тек батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Өңірлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 метр/секунд жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында, тіпті, 30 метр/секундқа және одан жоғарыға күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 метр/секунд жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 метр/секундқа күшейеді. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде де күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.
https://baribar.kz/