Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қалай болады?

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қалай болады?



Синоптиктер болжамына сүйенсек, бүгін Астана мен Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Шымкентте жаңбыр жауады.Gismeteo.kz сайтының мәліметі бойынша, Астанада түнде ауа температурасы +2…+4, күндіз 12-14 градус жылы болады.
Алматыда түнде +5…+7, күндіз +12…+14.
Шымкентте жаңбыр жауады, түнде +5…+7, күндіз +6…+8.
"Қазгидромет" болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстік-батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын түседі.
Республиканың кей өңірлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-20, күндіз Солтүстік Қазақстанда кей жерлерде 23-28 м/с.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

sputniknews.kz
09 қазан 2018 ж. 1 181 0