Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі


Қыз баланың тәрбиесіне назар аударған қазақ халқы әрбір әдет-ғұрып, салт-дәстүрді бойына сіңіріп, қылығына қатаң қараған. Отбасынан бастау алатын тәрбиенің екінші ошағы мектеп. Осы орайда, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейде мектепішілік онкүндік аталып өтті.
Аталмыш шараны ұйымдас­тырудағы мақсат – мектеп-лицейде қыз балалардың білім және тәрбие алу, медициналық қызмет алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Яғни, қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыруды көздейді. Мектеп аяжаны К.Әйтілеуова«Қыздар құпиясы» тақырыбында аудандық емхана дәрігерлерімен кездесу ұйымдастырса, мектептің педагог-психологтары А.Шағдарова мен Қ.Сейдахметова «Өзіңді сұлумын деп есептейсің бе?» сауалнамасын жүргізді. Сонымен қатар, «Мәжбүрлі істерден, теріс құбылыстардан қорғалу құқықтары» тақырыбында 9-11-сынып қыздарына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында тренинг сабақтар өтті. Қыздарды өнерге баулу мақсатында «Қазақ қызы қандай-ды» атты сайыс, «Парасат» қыздар ұйымының жетекшісі Н.Абдуллаеваның жетекшілігімен түрлі бейнероликтер көрсетілді. Он күнде үлгілі атанған қыздарды марапаттап, шараны керемет көңіл-күймен қорытындылады.


«Өскен өңір» ақпарат.
21 қазан 2018 ж. 3 914 0