Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады
Ана мен бала орталығында қазір жылу жүргізілуде. Ғимарат 4 қабаттан тұрады. Онда әйелдерге арналған неонатология, анестезиология, акушерлік және гинекология мамандықтары бойынша қызмет көрсетіледі.
Орталық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, емделушілерге барлық жағдай жасалған. Кеңес беру диагностикалық емханасы да жұмыс жасайтын болады. Бұл өз кезегінде отбасын жоспарлауды, әйелдер арасындағы жатыр мойнының патологиясы және түсік қаупін білуге көмектеседі.
Облыс әкімі осы бағытта жұмысты жандандыруды тапсырды. Ол әйелдерге арналған кеңес беру бөлімдерін көбейту арқылы ана мен бала өлімінің алдын алуға болатынын атап өтті.
Облыстық балалар ауруханасы күніне 90 баланы қабылдайды. Облыс әкімі бұл бағытта бірқатар жұмысты қолға алуды тапсырды. Кең көлемде мониторинг жасап, аурудың қайдан және неліктен пайда болатынын анықтау қажеттігін айтты. Аурудың алдын алса сырқат саны азаяры сөзсіз.
Baq.kz