Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аурудың алдын алу шаралары

Аурудың алдын алу шаралары


Жуырда профилактика бөлімінің ұйымдастыруымен, аурудың алдын алу және қазіргі таңда ересектер арасында суицидтің көбеюіне байланысты түсіндерме жұмыстарын жүргізу үшін Ақмая елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесіп «Денсаулық керуені» өткізілді. Мақсатымыз – тұрғындарды аурудың алдын алуға, ауруды асқындырмауға шақыру. Профилактика бөлімінің меңгерушісі Г.Оразбекова «Өз денсаулығыңызды күтіңіз, медициналық тексеруден өтіңіз», невропатолог С.Амирова «Ми қан айналымының бұзылуы яғни, инсульт дегеніміз не?», эндокринолог Г.Нәлтаева «Қант диабеті қандай ауру, асқынуларды болдырмау», психолог А.Асан «Ересектер арасында суицидтің алдын алу бағытта», денсаулық мектебінің психолог маманы И.Шалбаева «Денсаулық мектептері қауіп-қатер факторлары жайлы түсіндіру» жөнінде баяндама жасады.
№49 қазақ орта мектебінің қазіргі заманауи интерактивті тақтасы арқылы ақпараттық роликтер, слайд ауыл тұрғындарына көрсетілді. Жастар денсаулық орталығы маманы, қазіргі таңда жастар арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға, қоғамға белсене араласуына атсалысуға шақырып, үнпарақшалар таратылды. Кестеге сәйкес ауылдарда жалғасын таппақ.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
И.ШАЛБАЕВА,
профилактика бөлімінің психологы.
24 маусым 2018 ж. 1 714 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930