Келесі жылы Астанада 14 жаңа мектеп салынады
2019 жылдың соңына дейін тағы 14 нысанға кіру жоспарланып отыр. Жаңа мектептердің құрылысы жаңартылған құрылыс нормалары мен ережелеріне сай жүзеге асады. Бұл мектептерді 1200 емес, 2500-3000 орынға дейін салуға мүмкіндік береді. Осылайша бес жыл ішінде біз 20 жылдан бері елордада жаңа оқу орындарын салған сияқты жаңа мектептерді қолданысқа береміз, – деді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.Ермек Аманшаев осындай шаралардың арқасында биыл үш аусыммен сағат 11-ден 5-ке дейін жұмыс істейтін мектептердің санын қысқартуға болатынын айтты. Келесі жылы үш ауысымда оқыту мәселесі толығымен жойылады.
https://baribar.kz/