Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде ескі лифтілер ауыстырылып жатыр

Ақтөбеде ескі лифтілер ауыстырылып жатыр

Ақтөбеде техникалық талаптарға сай келмейтін, тексеруден соң жұмысын тоқтатқан лифтілер ауыстырылып жатыр. Биыл барлығы 5 лифт ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қаласында журналист Айзат Әбдісаматтың өлімінен кейін лифтілер түгел тексеруден өтті. Техникалық талаптарға сай келмейтін, құжаттары жоқ, апатты лифтілер түгел тоқтатылып, ауыстыру туралы шешім шықты. «Ақтөбе қаласында 829 лифт бар. Оның 282-нің қолдану мерзімі өтіп кеткен, ескі, жарамсыз, техникалық құжаты жоқ. Ал 34 лифт жұмысын тоқтатты. Қолдану мерзімі 25 жылдан асып кеткен лифтінің бәрін ауыстыру керек. Тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережесіне сәйкес, әкімдік лифт ауыстыру жұмыстарын бастады. Тұрғындардың 70 пайызы келісім берсе, құны 4,6 - 7 миллион теңге тұратын лифт орнатылады. Кейін қолданушылар 7 жылда ақшаны қайтарады», - деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Асхат Душкенов. Айта кетейік, лифт ауыстыру, жаңғырту жұмыстарына жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге ақша бөлінді. Қазіргі күні қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі келер жылға тұрғындардан өтініштер қабылдап жатыр. Барлығы 35 өтініш түсті.

www.24.kz
19 қазан 2018 ж. 1 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031