Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралардың барлығы бал жинай бермейді - омарташы

Аралардың барлығы бал жинай бермейді - омарташы


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында тұратын омарташы Павел Немцов аралардың барлығы бал жинай бермейтінін айтады. Аралар тіршілігіне зер салсаңыз, олардың кәсібіне қарай түрлі болатынын көреміз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Омарташының бұл кәсіпті қолға алғанына 16 жылдың жүзі болды. Ертеде нағашы атасы Гордей Жило ара өсірудің қыры-сырын меңгерген екен. Одан беріде өз әкелері де осы тіршілікті қолға алған. Павел бауыры Иван екеуі сондай кәсіпті жастайынан көріп өсті. Кейін есейген соң омарта шаруашылығын өз қолдарына алды. Бүгінде ара өсіруге шындап ден қойып, сол бағытта тынбай еңбек етіп келеді. Олар қазір өңірге белгілі омарташылар қатарында саналады. Өнімдеріне көршілес аудандардан жиі сұраныс түсіп жатады. Бал өнімі Алматы мен Астанаға дейін де жіберіледі. Тіпті, Ақтау қаласынан арнайы алдыртып отырғандар бар.

















«Бүгінде біз қысқы мезгілге дайындалып жатырмыз. Қазір омартаны үйге алып келдік. Жазда орманды алқаптарға жеткіземіз. Тоғай арасы, бау-бақшалар араның бал жинауына мүмкіндік жасайды. Гүлдер мен шөптер өскен далада омартаны орналастырамыз», - дейді Павел Немцов. Қазір аула ішінде аралар орналасқан 50-ден астам жәшік бар. Омарташы олардың әрбірін назардан тыс қалдырмайды. Өйткені, аталмыш жәндікке барынша қамқорлық қажет. Өзіне жасалған қамқорлық арқылы олар да қалыпты деңгейде бал жинай алады.

















«Бал - барлық ауруға ем екені белгілі. Ол медицинада нақты дәлелденген. Тіпті, олардың ұяшықтарын да кәдеге жаратуға әбден болады. Ол халық емінде қолданылып жатады. Жалпы, балдың құрамында пайдалы элементтер  көп. Ал араның денесінде химиялық заттар бар. Балды қыста ауырып қалғанда пайдалануға болады. Балдың асқазанға да жүрекке де пайдасы зор», - дейді омарташы Павел. Омарташылық кәсіпті меңгерген отбасы көктем шыға салысымен тоғайлы аймақтарға барады. Онда шеңгелі мол аумақтар таңдалады. Жантақ пен жоңышқа гүлдеген тұста араларды егістік алқаптарына жіберіп алмау қатаң қадағаланады. Павел кәсібін жетілдіру жолдарын іздейді. Сол мақсатта алдағы уақытта Германияға барып қайтуға ниеттеніп отыр. Омарташы өз құпиясымен де бөлісті. Негізінде еркек аралар бал өндіруші болып табылады. Олар жұмысшы арадан сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. Аяғында гүл тозаңын жинайтын себеті және балауыз шығаратын безі болады екен. Дәмі тіл үйіретін балды жинайтын солар көрінеді. Олардың балының иісі аңқып тұрады. Сондай-ақ, бал беретін аралардан бөлек тұқым басатыны және ұя тазартушылары, өзге араларды бағып-қағатыны да болады екен. 
15 қазан 2018 ж. 2 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031