Кезектен құтылудың тиімді жолы
Қазір бір жапырақ анықтама алу үшін азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО)-на барып кезекке тұрасың. Яғни, құжаттың қандай түрі болса да аталған мекемеде рәсімделеді. Қай уақытта барсаң да адамның қарасы көп мекемеде үнемі кезек үзілмейді. Сонда кезекте тұрған халықтың алатыны бір ғана қағаз. Дәлірек айтсақ, сотталмаған мекен-жай анықтамалары және баланы балабақшаға кезекке қою және т.б. Осы анықтамаларды алу үшін кемінде бір сағат уақытыңыз кезекте тұруға кетеді. Біздің бүгінгі айтпағымыз осы кезектен құтылудың жолын оқырманға кеңінен таныстыру.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы осының бастауы. Жоғарыдағы құжаттарды алу үшін сіздің жеке электронды цифрлы қолтаңбаңыз болуы шарт. Нақтырақ айтсақ, сіз электронды үкімет порталына тіркеліп, үйде отырып-ақ онлайн режимде мемлекеттік органдардың қызметтеріне қол жеткізе аласыз. Басқаша айтқанда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сіз уақытыңызды және мүмкін боларлық жол шығындарын үнемдейсіз.
Президенттің бастамасымен қабылданған айтулы бағдарламаның бұдан бөлек денсаулық сақтау, транспорт тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлерге білім саласы бағыттарында да тиімділігі зор. Оның пайдасын әрі маңыздылығын халқымыз біртіндеп түсініп жатыр.
Елбасы өз Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы хабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру қажеттігін айтқан болатын. Ең бастысы мемлекет 2020 жылы ІТ-технологиялар индустриясынан түсетін пайданы жалпыұлттық ішкі өнімнің 5 пайызына дейін жеткізуді мақсат етіп отыр. Ендеше, осынау ауқымды жұмыстарды бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, халықты цифрлы сауаттылыққа шақырамыз.
А.НАЗАРОВА.