31 ЖЕЛТОҚСАН – КӨЛІК САЛЫҒЫН АЙЫППҰЛСЫЗ ТӨЛЕУДІҢ СОҢҒЫ КҮНІ
31 желтоқсан – көлік салығын айыппұлсыз төлеудің соңғы күні. Сіз қанша теңге төлеуіңіз керек? Алдымен, соны біліп алу керек. ҚР Салық кодексінің 1-тармағы 368-бабына сәйкес, сізге әрбір жеке көліктің салығын жеке есептеп алған жөн.
Егер салықты мүлдем төлемесеңіз, я толық төлемесеңіз сіз үшін мұны фискалды органдар жасайды. Басында олар сыпайы түрде салықты төлеуіңізді сұрайды. Егер орындамасаңыз, онда жағдайыңыз қиындайды: қарызға өсімақы түсе береді, сосын іске сот орындаушылар қосылады, көлікті қолдануға тыйым салынып, ел шекарасынан шыға алмай қаласыз. Оның үсіне, салығы төленбеген көлікті екінші адамның атына аудара алмайсыз.
Қанша төлеу керек екенін қалай білуге болады?
Салық көлік сіздің атыңызға ауысқан сәттен бастап есептеледі. Яғни, сіз көлікті 2017 жылдың сәуір айында алсаңыз, онда 9 айға төлеуіңіз керек.
Егер автокөлік сатылған болса, онда бұрынғы иесі төлеген салық жаңа иесіне ауыспайды.
Салық сомасын арнайы калькулятордың көмегімен, мысалы мына жерде есептеуге болады.
Еліміздегі ресми калькулятор ҚР Қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында да бар. Бұдан басқа, салық egov.kz порталында автоматты түрде есептеліп тұрады (тек ол үшін порталға тіркелу керек). Сондай-ақ, кейбір банктің интернет-ресурсында болады. Әрине, мемлекеттік кірістер басқармасында да сізге қанша төлеуіңіз керектігін айтып бере алады.
kolesa.kz