Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер телімдері енді электронды түрде сатылмақ

Жер телімдері енді электронды түрде сатылмақ


2021 жылдан бастап Қазақстанда жер учаскелері электронды түрде ғана сатылмақ. Бұл туралы 25 қыркүйектегі Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлімдеді. Үкімет отырысының күн тәртібіндегі тақырыбына (өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мен оны өзектендіру барысы, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру) сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспары премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жіті назарында болды. "2019 жылға қарай онлайн-несиелендіру бойынша алғашқы жоба жоспарда тұр.
2021 жылы процесс толық автоматтандырылады және көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде бір батырма арқылы онлайн-несиелендіру қол жетімді болмақ", - деді А.Евниев Бұған дейін агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру негізінде елімізде онлайн-несиелендіру арқылы несиелер мен кепілдіктерге арналған өтінімді автоматтандыру жүргізілген. Бұл фермерлер мен шаруалардың жол жүру шығындарын азайтуға және өтінімді өз уақытында жүргізуді бақылауға мүмкіндік берді. Бүгінде бәссауда мен сауда-саттықта жерді алу процесі автоматтандырылмаған және жер учаскелерінің ашық картасы жоқ. "2019 жылдың 1 шілдесіне дейін бірнеше облыста сынақ режимінде жер телімдерін тек электронды түрде ғана беру жоспарланып отыр. Ал 2021 жылдан бастап процесс толық режімде басталмақ. Ал 2019 жылдың соңына дейін жер телімдерінің ашық картасы жасалады",- деді вице-министр.

massaget.kz
26 қыркүйек 2018 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

№21 (9185)

12 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031