«ZHAS PROJECT» – жаңа серпіліс
Ақерке Әлібекова: Менің жобам тігін шеберxанасын ашу. Қазіргі таңда әр қыз сәнді, әрі заманға сай киінгісі келеді. Бірақ, ол барлығына қол жетімді емес. Сондықтан, қыз-келіншектерді тігін өнеріне баулып, жұмыспен қамтамасыз етумен қатар, сәнді, сапалы әрі қол жетімді киімдер шығару үшін жұмыс істейтін шеберxана ашқым келеді. «Жас проджект» жобасының көмегімен ұлттық өнімді қолдап, нағыз заманға сай, шетелдік тауарлардан кем түспейтін тігін шеберxанасын ашсам деген ниетім бар. Осы жоба арқылы аудандағы əлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жетімдер, жартылай жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылардың балаларына көмектесіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтқым келеді.
Жадыра Тоғаева: Менің жобам тігін тігу цехын ашу. Бұл тігін цехы: қыз жасаулары, ұлттық киімдер, ерлер мен әйелдер, сондай-ақ балаларға арналған киімдер тігетін болады. Тапсырыс түсіп жатса, арнайы мекеме қызметкерлеріне арнайы киім үлгілерін тігу жоспарда бар. Ұлттық салт дәстүрімізді ұмытпай, атадан балаға мұра ретінде жалғасып жатса, ол да мен үшін қуанышқа айналып, шабыттандыра түседі. Сонымен қатар, ең маңыздысы осы жоба іске асқанда алдыңғы алты айында тұрмысы төмен отбасыларға қажетті киім-кешектерді тегін тігіп, көмек көрсетуді мақсат тұтып отырмыз. «Zhas project» жобасына алғыс айта отырып, болашаққа деген сенімімді нығайтып, өмірден өз орнымды табуыма себепші болғанын да айта кеткенді жөн санадым. Сондай-ақ, жас мамандарға жұмыс жасауға мүмкіндік туғызып отырғандықтан, осы жоба арқылы көптеген отбасыларға көмек қолын созып, алғысын да алатын боламыз.