ІСІМЕН ТАҢҚАЛДЫРҒАН ТАМАМ ЕЛДІ
…Күнделікті күйбеңнен енді босап, кешкі асқа отырғанымыз сол еді, қалта телефон шырылдап қоя берді. Апақ-сапақтың кезінде телефонның «зар қаққан» үні ғана емес, беймезгіл уақытта қоңыраулатқаны көңілге секем салғандай болды. Келген хабарды жеткізетін тетікті бастым. Аржағынан күмілжіген дауыс естілді: «…Әкемізден айырылып қалдық…».
Осыдан аз ғана уақыт бұрын бір басқосуда бірге болғанбыз. Үйреншікті дағдысымен жастарға үлгі боларлық салиқалы әңгімелер айтып, көңілді отырған. Денсаулығы туралы шағым айтқан емес. Жетісудың сулы да нулы жеріне қоныс аударғалы тынысы ашылып, бойы сергігенін қайта-қайта тілге тиек еткен. Өткен жылы бір үлкен мейрамханада 70 жылдығын атап өткен еді. Ауылынан ағайыны, досы, жерлесі, сыныптасы дегендей, бір қауым ел келді. Ол да болса, құрметтің, қошеметтің белгісі шығар...
Міне, елім деп еміреніп, саналы ғұмырын туған жерінің байлығын еселеуге арнаған атпал азаматтың өмірден өткеніне де жыл толыпты...
Аманкелді Сариев 1947 жылы 12 наурызда Сыр бойының Шиелі өңірінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірісімен өз ауылы «Коммунизм» (қазір Нартай Бекежанов) кеңшарында темір жөндеуші маман (слесарь-механик) болып еңбек жолын бастайды. 1968-1969 жылдары әскер қатарында болып, борышын өтеп қайтады.
1970-1995 жылдары комбайншы, өндіріс бригадасының механигі, жанар-жағар май базасының меңгерушісі, шаруашылықтың бас инженері, өндіріс бригадирі болып қызмет атқарады. 1996 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін (2010 жылы) су жүйесінде, ауыл шаруашылығында, мектептің шаруашылық саласында түрлі жауапты жұмыстар істейді.
Аманкелді Сариевтің ел есінде қалған ерен істері ол механизатор болып еңбек қарқынын еселеп жүрген кезде жүзеге асты. Егін жинау науқанында күрішті комбайынмен орып бастыруда алдына жан салмай, облыс көлемінде бірнеше жыл қатарынан жарыс көшін бастады. Қажырлы еңбегінің нәтижесінде 1978 жылы бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (БХЖК) күміс медалін иеленді. 1982 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
«...Қанша күн молшылықты армандадың,
Сол үшін ауырды ғой абзал жаның.
Осы ғой «еңбек түбі – зейнет»
деген,
Тау болып үйіліп тұр маржан дәнің...
Байдарбесов, Сариев Аманкелді,
Тағы да таң қалдырды тамам елді.
Жарайсыңдар жасампаз жайсаң жандар,
Ел есінде ебегің қалар енді» – деп сол кездері жырға қосқаным бар.
Дән орып бастыруда бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы атанған Аманкелді Сариев БХЖК-нің бағалы сыйлығы – «Москвич-412» маркалы жеңіл автокөлігін (1980 жылы) еншіледі.
Ал, 1985 жылы бесжылдықтың жоспарын мерзімінен 3 ай бұрын орындап, тағы да бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы атанды, төсбелгісін төсіне тақты. 3 орақ науқанында 200 гектардың орнына 2001 гектар жердің күрішін орып бастырды. Бұл Аманкелді Сариев осы мерзім ішінде 10 күрішшінің егістігін бір өзі орып бастырды деген сөз...
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
«Қазақ журналистикасының қайраткері» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметтi журналисi.