Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақфильм» түсірген 150 фильм әлемге танымал видеосервиске жүктелді

«Қазақфильм» түсірген 150 фильм әлемге танымал видеосервиске жүктелді


Қазақ киносын жаһан жұрты көреді. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген 150 туынды әлемге танымал ең ірі видеосервистердің біріне жүктелді. Шеттегі қандастарымыз енді 1-қыркүйектен бастап қазақ киногерлерінің туындыларын еш кедергісіз ғаламтор арқылы көре алады. Арасында қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» сынды шығармалар бар. Аталған фильмердің барлығы көзі қарақты көрерменге қазақ тілінде ұсынылмақ. Қазір арнайы құрылған қор – орыс тілінде түсірілген туындылардың барлығын қазақ тіліне тәржімалап, дыбыстап жатыр. Жалпы отандық фильмдер енген интернет платформаны ай сайын 50 миллионға жуық адам қолданады екен. Оның жеке қорында 80 мыңға жуық видео бар.           Нұрлан Чукубаев, Видеосервистің Орталық Азиядағы кеңсесінің бас директоры: - Қазақстанда түсірілген фильмдер көптеген фестивальдарда болады. Біз қалай болып жатқанын сырттан бақылаймыз. Мысалы, жақында Ресейде қысқа метражды фильмдердің байқауы өткен. Сол фестивальда біздің фильмдер жоғары бағалар алған.
24.kz
17 тамыз 2018 ж. 1 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031