Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДІК ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ

ӘЛЕМДІК ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ


 Бүгін «Хабар», BBC және  EURONEWS телеарналарында «Алтын жауынгер» атты жаңа деректі фильмнің телевизиялық тұсаукесері өтеді.  Фильмді  Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен BBC WorldNews телеарнасы түсірген.
«Қазақфильм» былтыр жиырмадан астам ғылыми-танымал деректі фильмді жарыққа шығарды. Олардың қатарында «Алтын жауынгер» және  «Қожа Ахмет Ясcауи мен Айша бибі кесенелері» атты фильмдер бар. Аталған фильмдердің өндірісіне отандық және 451 млн көрермені бар шетелдік беделді BBC WorldNews телеарнасының мамандары тартылған.    Бұл фильмдер қазақстандық және шетелдік телеарналарда көрсетілетін болады, – деді «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов.
Фильмдердің түсірілімдері үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Фильмге Оңдасын Бесікбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар тартылған.
Аталған фильмдер «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында жүзеге асты. Сарапшылардың  пікірінше фильмдер Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджіне өз үлесін қосады, сонымен қатар еліміздің бай тарихы мен көрікті географиясын танытады.
Естеріңізге сала кетсек, Алтын адам мен қазақ халқының бір аңызында ұшырасатын – жас жауынгер Алтын-Айдарда ұқсастық бар. Бұл фильмде режиссердің концепциясы бойынша Алтын адам мен аңыздағы Айдардың бейнелері бір өріледі.
Түсірілім тобы:
Режиссері: Дарья Чернова (Лондон)
Қоюшы операторы: Денис Аларкон-Рамирес (Мәскеу)
Қоюшы суретшісі: Бөпеш Жандаев
Костюм жөніндегі суретші: Елена Рубанова.
07 шілде 2018 ж. 1 094 0