Домбыра үнін Еуропаға жеткізген қазақстандық тенор туралы фильм прокатқа шығады
АлматыдаМәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген "Әміре" фильмінің тұсаукесері өтті.
Қазақхалқының аяулы перзенті Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына орай түсірілген көркем фильм жалпыұлттық прокатқа 2018 жылдың 5 сәуірінен бастап шыға бастағаны көрермендерге белгілі. Кино қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың өмір суреттейді. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс тапқан.
Фильмніңжелісінде, Әміре Қашаубаев 1925 жылы Париждегі дүниежүзілік музыка конкурсында КСРО делегациясы қатарында өнер көрсетеді. Олқалың өнерпаздар арасынан топ жарып, екінші орынды иемденеді. Содан Еуропа жұршылығына еңалғаш қазақтың дәстүрлі ән өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен Әміре Қашаубаев болды.
Осыретте ҚРМәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тарихи тұлғалар жайында түсірілген "Әміре" секілді фильмдер шетелдік көрерменнің елімізге деген қызығушылығын арттыратынын айтты. Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аты бағдарламалық мақаласында, рухани жаңғырудың басты шарты – мәдениетіміз бенұлттық кодымызды сақтап қалу керектігін және онсыз рухани жаңғыру құр жаңғырық болып қалатынын терең ұқтырды.
Халықарлықтүсірілім тобының құрамында америкалық қоюшы-режиссер Дфефф Веспа бар. Басты рөлдерді отандық актерлер Еркебұлан Дайыров пен Санжар Мәдиев бар.
Фильм Лос-Анджелес, Латвия қалаларында түсірілді. Сондай-ақ, фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді. Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы, "Үш дос", "Балқадиша", "Бес қарагер", "Дударай" және тағы басқа әндері орындалады.
"Әміре" фильмі еліміздің кинотеатрларынан 5 сәуірден бастап көрсетілімде
"RUH.KZ"