Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖАҒАЛАУ» ФИЛЬМІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТҮСІРІЛЕДІ

«ЖАҒАЛАУ» ФИЛЬМІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТҮСІРІЛЕДІ


Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сталкер Синема» ЖШС бірлесе отырып, Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Жағалау» («Күнбағыс») атты жаңа толықметражды көркем фильмді түсіруді қолға алды. Режиссері – Эля Гильман. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі мәлім етті.
Расул Шыбынтайдың сценарийі бойынша түсірілетін бұл фильм қарапайым отбасы туралы, сонымен қатар үлкендердің ісіне араласып, олардың проблемаларын шешпек болған 13 жастағы жасөспірімнің өмірін баяндайды.
–Бұл күнде барлығымыз жұмыс істеп, ақша табудан қолымыз босамайды. Қолымыздан келгенше өз балаларымызға ең жақсыны алып беруге тырысамыз, мысалы ең жақсы телефон, әдемі киім, тіпті жақсы мектепке орналастыруға бар күшімізді саламыз. Алайда,біз балаларымызға ата-аналық махаббатымызды қаншалықты беріп жатырмыз? Фильмде осы мәселе талқыланады. Бұл туынды ересектерге арналады, – деді фильмнің режиссері Эля Гильман.
«Жағалау» фильмі үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін дайындық кезеңінде болады. Фильм режиссерінің айтуына қарағанда, алдын ала дайындық кезеңі барысында түсіру тобы жасөспірімдер арасында кастинг өткізіп, интерьерлік және экстерьерлік локацияларды таңдап, өтпелі кезең көріністерін түсіріп үлгерген.
– Фильмнің басты кейіпкері  13 жасар ұл баланы ұзақ іздедік. Бұл рөлге кейіпкерді үш ай бойы іріктедік. Өтпелі кезеңнің көріністерін түсіруге бір апта қалғанда, Рашид Мусин есімді баланы тауып, бірден осы рөлге бекіттік,– деді режиссер.
Эля Гильманның айтуына қарағанда, фильмде әкенің рөлін сомдауға қазақстандық танымал актер Еркебұлан Дайыров бекітілген. Ал оның досын талантты актер Жандос Айбасов ойнайды. Ана рөліне сербиялық актриса Слобода Мичалович және ұстаздың рөліне ресейлік актер Кирилл Кяро шақырылған.
2018 жылдың қаңтар айында «Жағалау» фильмінің түсіру жұмыстары жалғасады. Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өтеді.
Режиссер туралы анықтама: Эля Гильман – сценарист, режиссер, продюсер. 1975 жылы 1 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистратурасын бітірген (С.Нарымбетовтың шеберханасы). 2007 жылы Ресейдегі Бүкілодақтық кинематография институтына режиссер факультетіне оқуға түседі (В.И.Хотиненконың шеберханасы).
Фильмографиясы: режиссер: «Имаго» (қысқаметражды фильм, сондай-ақ сценарий авторы, 2004), «Каре» (қысқаметражды фильм, сондай-ақ сценарий авторы, 2004), «Зеро» («Тату» сериясы, 2005), «Желдің ызғары» (сондай-ақ сценарий авторы, 2005), «Періште» 12 сериялы көркем фильм(2007),  Казақфильм, «Икар» (қысқаметражды фильм, сондай-ақ сценарий авторы, 2008), «Трубадур» (Қазақстан, Ресей, 2010), «Сюрприз» (новелла № 3, 2011), «Астана – жүрегім менің» (сондай-ақ сценарий авторы, 2011), «Сыныптастар» (2012), «25-ші шақырым» (1маусым, 2012-2013). «Сүт. Қаймақ. Ірімшік» комедиясы, режиссер әрі сценарист, 2014.»Банк №1»Комедия 2015,Режиссер.
Еркін ҚАЛДАН
15 желтоқсан 2017 ж. 1 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031