Елорда тұрғындары мен қонақтары үш күн бойы сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласының 20 жылдығы және Балаларды қорғау күніне орай 1, 2, 3 маусым күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы). Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді. Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz. «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.00 (қазақ тілінде); - сағ. 12.05 (орыс тілінде); - сағ. 14.45 (қазақ тілінде); - сағ. 16.50 (орыс тілінде); - сағ. 18.55 (қазақ тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі. «MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.00 (қазақ тілінде); - сағ. 12.05 (орыс тілінде); - сағ. 14.45 (қазақ тілінде); - сағ. 16.50 (орыс тілінде); - сағ. 18.55 (қазақ тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.
24.kz