«Дипломмен-ауылға»: қалай қарайсыз баруға?
Жыл басынан бері, «Дипломмен-ауылға» жобасы бойынша әр маманға 3 607 500 теңгеден 73 маманға қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айында өткен комиссияның отырысында 31 маманға 110 725 500 теңгеден бюджеттік кредит беру туралы шешім шығып, жұмыстар жасалынды. Қазіргі таңда, бюджеттік кредит алу үшін 249 маман кезекте тұр. Биыл білім беру саласынан 16 маман қабылданса, денсаулық сақтау саласы бойынша 15 маман жұмысқа орналасты» – дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков сейсенбі күнгі брифинг барысында.
Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Еліміз еркіндік алғалы бері, елді дамыту үшін түрлі бағдарламалар орын алып, ғарыштап дамуына қарқынды қадамдар жасалуда. Соның бірі – «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық жердегі кадр тапшылығын бір жолға қоюға бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс іздеген жастарға да қолайлы болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл. Қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын шағын шаруа қожалықтарын, қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» – деп ашық та, анық айтқан болатын. Ауылға келген жас мамандарға ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы төленіп, баспана алуына да жеңілдетілген несие беріліп келеді.
Негізінен бағдарлама ҚР Үкіметінің 2014 жылғы №837 қаулысы барысында жұмыстар атқаруда. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандар, яғни денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені жұмыс жасауда. Аталған сала бойынша ауылдық елді мекендерге тұрақты жұмысқа орналасқан мамандарға мемлекет тарапынан жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу 15 жылға дейін, 0,01 % жылдық мөлшерiнде белгіленген.
Жастар ауылдың тіршілігімен, ондағы халықтың өмірімен таныс болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас, ертең билік басында отыратын басшы. Ол қабылдаған шешімнің қалалық жерде қалай, ауылдық жерде қалай жүзеге асатынын білуі керек. «Көзімен көріп, қолымен ұстап білген» маманды ғана тәжірибелі маман деп атауға болады. Ендеше, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы кадр біліктілігіне қатысты көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз. Бағдарлама мақсаты – жастарды тек ауылға тұрақтандыру ғана емес, оларды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, ұжымда еңбек ете білуге дағдыландыру, ауыл өмірінің позитивті өзгеруіне белсенді түрде ықпал етуіне мүмкіндіктер. Жастарды шалғай ауылдарға тұрақтандыру үшін бұл бағдарламаға ауқымды өзгеріс енгізіп, әлеуметтік сипатын жаңғырту қажет. Мемлекеттік қызметкерлер мен жастармен жұмыс жасайтын ресурс орталығының мамандарына, техникалық-кәсіптік мамандық иелеріне неге бермеске? Жоғарыда келтіргеніміздей 249 жас маманның кезек күтіп отырғаны көп емес пе? Осы мәселеге ауылшаруашылық бөлімі назар салса екен. Былайша айтқанда тегін ақша емес қой, аз мөлшерде беріп жатқан несие жастарға жеңіл жетсе деген ой біздікі. Бұл да жастарды одан әрі ауылға тартудың игі ісі болар еді?! Дегенмен де, Елбасының бастамасымен баспаналы болған мыңдаған жас бүгінде туған ауылында алаңсыз аянбай еңбек етуде. Бір де бір мемлекетте баламасы жоқ бағдарламаның шарапаты еліміздегі әлі де талай жастарға пайдасы тиетіні анық.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.