Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

Бейсенбі күні «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалында партияның депутаттық фракция отырысы өтті. Мәжіліске «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, фракция жетекшісі Қазбек Шаукебаев, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және депутаттық фракция мүшелері қатысты.
Депутаттық фракция отырысының белгіленген күн тәртібіне сәйкес, «Халықпен бірге!» атты «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасының «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту» бағытының орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов баяндама жасады.
Оның айтуынша, облыстық «AMANAT» париясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы 5 көрсеткіш бойынша 122 іс-шарамен іске асырылуда. Мәселен, бағдарламаның басым бағыттары аймақ экономикасының дамуы, инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту, білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау болып табылады. Осы орайда, биыл ауданда барлығы 54 шараны іске асыру көзделіп, қазіргі таңда 18-і орындалып, қалған 36 жоба орындалу сатысында.
ӨНЕРКӘСІП ӨРКЕНДЕП, КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ БАР
Аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар осы жылдың 1 тамызына дейін өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 43 млрд 730 млн теңгені құрап, 101,2 пайызға орындалған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көрсеткіші 1 тамызға 42 млрд 757 млн теңгеге орындалып, 128,8 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар осы жылдың бастапқы 7 айында мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 1 млрд 658 млн теңгені құрайтын 161 жоба шағын несие және грант қаражатын алған.
– Бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес 145 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланып, бүгінгі күнге 75 азамат мемлекеттік грант иегері атанды, – деді Алмат Әбдуәзизұлы.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Еліміздің экономикалық әлеуетін көтеретін саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Асыраушы саланың егіншілік, жеміс-жидек, көкөніс, төрт түлікті түлету, тағы басқа да толып жатқан бағыттары бар.
Биыл 1 шілдеде ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7 млрд 528,3 млн теңгені құрап, яғни 102,4 пайызға орындалған. Сондай-ақ 2025- 2026 жылдар аралығында жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемін суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісін қолдана отырып 3000 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Биыл 2100 гектар жерге тамшылатып суғару әдісімен көкөніс, баубақша дақылдары егілген.
– 2025 жылға «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару жол картасының жоспарында биылғы жылға 700 гектар жер жоспарланса, бүгінгі күнге 2560 гектар жер қайтарылды. Яғни 365,7 пайызға орындалып отыр. Суды үнемдеп пайдалану технологиясы бойынша «Таң ЛТД» ЖШС 800 гектар жерге жүгері дақылы тамшылатып суғару әдісімен екті. Шиелі ауданы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс бақша өнімдерін егулері үшін 1557 гектар жер дайындалып берілді, – деді аудан әкімінің орынбасары.
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫНДА ҚАРҚЫН БАР
Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе. Бұл бағытта аудан көлемінде ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылып, бүгінгі күні автомобиль жолдары едәуір жақсарды. Өзекті мәселені шешу үшін жыл сайын қаржы бөлініп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
– «Ботабай-Жуантөбе» аудандық маңызы бар 15 шақырым автомобиль жолы «қанағаттанарлықсыз» жағдайда болуына байланысты, күрделі жөндеу жұмысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынып, (жобаның жобалық құны 1 910,6 млн теңге) құрылыс-монтаждау жұмыстарына қажетті 1 808 087,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып конкурсы жүргізіліп, бас мердігер «Шиелі-Жолшы» ЖШС-мен келісім шарт жасалды.
Сонымен қатар аудандық маңыздағы «СамараШымкент» автомобиль жолының 8 шақырымын қайта құрылымдау» жұмысы бойынша 2024 жылдың 31 желтоқсанына 841 121,0 мың теңге қаржы игерілген. 3,12 шақырым жолға асфальт төселді. 2025 жылға ҚРның Ұлттық қорынан 570 269,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 153 518,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнде жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 4,6 шақырым ГПС, 4,6 шақырым үлкен қиыршықты және 4,6 шақырым ұсақ қиыршықты асфальт жабындылары төселді, – деді аудан әкімінің орынбасары.
ГАЗДАНДЫРУ – АУЫЛДЫ ЖАНДАНДЫРУ
Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба республика бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе ауыл-аймақтарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінде Шиелі ауданында 16 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Бұл аудан бойынша елді мекендерді газдандыру үлесі халық санына шаққанда 79,84 пайызды құрайды. Халықты көгілдір отынмен қамтамыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың да ауқымы кең.
Осы және өзге де атқарылған, жүргізіліп жатқан жұмыстардың көрсеткішімен бөліскен аудан әкімінің орынбасары Алмат Әбдуәзизұлының жұмысына фракция мүшелері оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Қатысушылар алдағы уақытта да «AMANAT» партиясының Жол картасын сапалы әрі уақытылы орындалуына атсалысатындарын айтты.

Мейіржан ИБРАГИМОВ
08 қыркүйек 2025 ж. 35 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930