Ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді
Мал бағуды негізгі кәсіп еткен халқымыз «Малы саудың – жаны сау» деген қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған. Ал, сол малдың саулығына кепілдік беретін – бірден-бір сала – ветеринария.
Елбасы халыққа жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру жөнінде атап айтқан болатын.
Бүгінде, аудан бойынша ірі қара - 55596, қой мен ешкі - 91041, түйе - 1469, жылқы – 14925 басты құрап отыр. Негізінен бірдейлендіру дерек қорының базасына мал саны күнделікті тіркеліп, қосылып отырады. Сондықтан қазір заманына қарай мал бағу әдісі де өзгерген. Әрбір жеке және заңды тұлға «Ветеринария туралы» Заңның 25-бабына сай Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi (сырғалатуды, таңбалатуды) қамтамасыз етіп, сондай-ақ жаңадан мал сатып алса, не біреуге сатса мал дәрігеріне хабарлап отыруға міндетті.
Қазір барлық ауылда, білікті мал дәрігерлері жұмыс істейді. Мал өнімдерінің пұл болып тұрғанын ескеретін болсақ, бүгінде төрт түліктің саулығы бірінші кезекте мал егесі мен мемлекет үшін маңызды. Кеңес өкіметі тұсында мал мемлекеттің меншігінде болса, қазір халықтың жекеменшігінде. Ауру мал шықса, дереу бақылауға алынып, өзге өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізіліп, вакцина егіліп, қажетті дәрі-дәрмектер дер кезінде табылатын. Ал, қазір бір ауданда қанша мал басы бар, соған орай ғана санаулы дәрі-дәрмек беріледі. Есепке енбей қалған малдың бірінен ауру шықса, не басқа жақтан келгені болса вирусты таратушы көзге айналады. Малға егуге қажетті дәрі–дәрмек шығаратын мекемелер жоқтың қасы, бұрын ол әр өңірде болатын еді. Дегенменде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, түрлі бағдарламалар жұмыс істеуде. Соның бірі, «Эпизоотияға қарсы шаралар» бағдарламасы бойынша ауданға республикалық бюджеттен 102 млн 481 мың теңге қаржы бөлініп, жыл басынан бүгінгі күнге дейін аталған қаржының жартысынан астамы игеріліп келеді.
Шиелі кентінің мал дәрігері Нұркен Маханбетовтің айтуынша: «Қазіргі таңда ауданда ветеринария саласында біршама қарқынды даму байқалады. Өңірде төрт түлік малдың қарасын көбейтуге барынша күш жұмсалуда. Малды күтіп-баптауға, аман сақтауға асқан ұқыптылықпен, жоғары жауапкершілікпен қарап отырамыз. Дегенменде, төрт түлік малдың тұяғын қайта тіктеп, дерті бар малға ем-дом жасауда қай кезеңде де малшылар жанын салып, төрт түлік жайын жетік білген. Бізде оларға бағыт беріп, дер кезінде вакцина салып отырамыз. Бір жасқа дейінгі малдарға 3 ай сайын екпелерін егіп, бақылауда ұстаймыз. Әсіресе, ірі қаралар да аусыл ауруы кездесіп отырады. Ауруды білген кезде оқшаулап, басқа сиырлардан бөлек қойып, вакцина саламыз. Вакцинаны салғаннан кейін 21 күнде иммундық жүйесі қалыпқа келеді. Су, ауа арқылы жұққандықтан, дер кезінде ем қолданып, ауруды ауыздықтауға күш салып келеміз» – дейді.
Иә, ветеринария қызметінің орасан зор маңызға ие болатынының тағы бір себебі, адам ауруларының 70-80 пайызы мал және одан алынған өнімдерден беріледі. Ауру малдың еті мен сүтінен, жүні мен терісінен, тікелей қарым-қатынаста болған адамдар түрлі жұқпалы және паразитарлы ауруларға ұшырайды. «Ауру – астан» дейді қазақ. Сондықтан қолға үйретілген барлық жануарлар мен құстар түрлі аурулардан таза болса, өнімдер сапалы болып ғана қоймай, адам денсаулығына да айтарлықтай қауіп төндірмейді. Аталған бөлімнің жұмыс жасау бағытына журналистік зерттеу жасағанымызда, салада оң өзгерістердің бар екеніне көз жеткіздік. Мәселен, жыл басынан бері ауданда қауіпті аурулардың ошағының алдын алуға бөлінген қаржыны «Төрт түлік белгілері» ЖШС мекемесі 2 кезең бойынша залалсыздандыру жұмыстарын толық жүргізген. Аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Ролан Досжанов: «Жыл басынан бері 12 түрлі мал ауруына қарсы вакцина берілді. Оған қомақты қаржы республикадан бөлініп отырады. Егу жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Әсіресе, маусымдық жұмыстарды мүмкіндігінше дер кезінде орындап отырамыз. Сондықтан болар, ауданда эпизотологиялық жағдай қалыпты. Бұл сала қызметкерлерінің еңбегі деп есептеймін», – деді.
Сөзімізді академик К.Скрябиннің мына бір қанатты сөзімен түйіндегім келеді. Оның «Медицина – адамды, ал ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді» деуі тауып айтылған теңеу емес пе? Ветеринария қызметіне берілген ең жоғары баға да осы болса керек! Бұл дегеніміз аталған сала қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз орындау керектігін айқындаса керек. Былайша айтқанда, «ветбраттардың» салғырттығынан, «медбраттардың» жұмысын көбейтпеуі тиіс.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.