Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар

Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар

Таңертең ұйқыдан оянған кісінің ең алдымен ойлайтыны – дәмді тамақ ішу. Алайда таңғы астың бәрі тәтті бола бермейді. Кейбір тағам ашөзекке түскенде адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан аш қарынға тамақтанудың өз ережелері бар. Ендеше таныса отырыңыздар! Йогурт Бір қарағанда жұмсақ әрі дәмді ас асқазанға майдай жағатын секілді көрінеді. Бірақ асқазанға барған соң «бүлік» шығаруы мүмкін екен. Йогурттағы сүтті-қышқыл бактериялар асқазанға біртүрлі әсер етеді. Алмұрт Алмұрт құрамында ірі талшықтар көп болғандықтан, оны қанша шайнағанмен асқазанға түскен соң шырышты қабықты зақымдауы мүмкін. Сол себепті дәрігерлер аш кезде алмұрт жеуге кеңес бермейді. Ал жеп қойған жағдайда артынан су ішіп жіберген жөн. Қызанақ Қызанақ өте пайдалы. Алайда асқазанға барған соң қышқылды көбейтеді. Ол адам ағзасында гастрит, панкреатит немесе тоқ ішек дертін қоздыруы мүмкін. Осыған ұқсас тағамдар қатарына құрма, тәтті картоп жатады. Банан Егер ашқарынға банан жейтін болсаңыз, қан құрамындағы магнийбірден көбейеді. Ол жүрек қағысын да жиілетеді. Сонымен қатар ашқарынға банан жеу калий мен магнидің тепе-теңдігін бұзады. Бұл күні бойы енжар жүруіңізге әсер етеді. Цитрустар Апельсин, мандарин, грейпфруттар құрамында көкөніс қышқылы көп. Егер осы жемістерді аш кезде жесеңіз, асқазанның ауырғанын бірден сезесіз. Ол гастритті де қоздырады. Кофе Қандай кофе ішсеңіз де ол асқазанда қыжылды көтереді. Таңертеңгілік кофе ішуді әдетке айналдыру серотонин тапшылығын тудырады. Нәтижесінде кешке дейін өзіңізді жайсыз сезінесіз. Ішімдік Ашқарынға ішімдік ішу адамды екі есе тез мас қылады. Асқазанға да өте жайсыз әсер етеді. Оның уыты баяу тарайтындықтан денсаулығыңызды бұзасыз. Суық газды сусындар Бұл әдет сізде бар болса, онда асқазанның шырышты қабатын бұзып жүрсіз. Бұл шырышты қабатқа қанның баруын да тежейді. Нәтижесінде ас қорыту нашарлайды. Сағыз Сағызды шайнаған кезде ас қорыту жүйесі бірден іске қосылады. Асқазан сөл бөле бастайды. Сол кезде ол тамақ сұрайды. Тамақ болмаса қышқыл көбейеді. Соның салдарынан сілекей қабықшасы зардап шегеді. Бұл гастрит пен тоқ ішек ауруына алып баруы мүмкін.
 
Massaget.kz
02 шілде 2018 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (8732)

18 қазан 2019 ж.

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

№79 (8730)

12 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам