АШҚАРЫНҒА ЖЕУГЕ ТИЫМ САЛЫНҒАН 7 ТАҒАМ
Таңның атысымен жаңа күшпен жаңа істерге кірісеміз. Ал таңнан кейінгі 24 сағаттан құралған туәлігіміз, бір күндегі бастамаларымыз табысты болуы үшін таңғы асымыздың қуатты да құнарлы болуы қажет.Өзіңізді күні бойы сергек сезінуіңіз үшін таңғы асыңызға не жегеніңізді есіңізге түсіріңіз. Ал таңғы астан бас тарту мүлдем дұрыс емес.Себебі денсаулығы мен күш-қуаты мықты адамдар ғана жұмысына бар ынта-жігерімен кіріседі.
Бәріміз де таңғы асқа тағамның түр-түрін тұтынамыз. Алайда жеген асымыздың ағзамызға қандай әсер тигізетіндігі жайында ойлап көрдік пе?.. Асқазанымызға «түскен» алғашқы асымыз зиянын тигізбей, керісінше, пайдалы болғаны жөн. Зерттеушілердің сөзіне сенсек, әдетте, әр таң сайын дастарханымызда орын алып тұратын төмендегі тағамдарды ашқарынға жеуге мүлдем болмайды екен.
Цитрустар. Бұл жемістердің адамдарда аллергия тудыратын қасиеті бар. Ашқарынға желінген осы топтағы жемістер денеңізде түрлі бөртпелердің шығуына себепкер болуы әбден мүмкін. Егер де ашқарынға цитрустарды жеуді әдетке айналдырсаңыз, ең алдымен бауырыңызға ауыртпалық түседі. Сондай-ақ ашқарынға ішілген апельсин шырыны ГАСТРИТ ауруына душар етеді. Сондықтан цитрустардың дәмін татпастан бұрын әуелі ботқа жеп алғаныңыз дұрыс.
Банандар. Банандарда магний көптеп кездесетіндіктен, жүрекке аса пайдалы. Ашқарынға желінген банан ағзамыздағы калий-магний тепе-теңдігін бұзатындықтан, дел-сал күй кешіп, денеңізді әлсіздік басса, таң қалмаңыз.
Көкөністер. Таңғы асыңыз тек қана көкөністерден құралса, сізде асқазан ойығына шалдығу қаупі басым. Көкөністерде болатын қышқылдар асқазанды зақымдайды.
Йогурт. Таңертең желінген йогурттың ағзаға тигізер еш пайдасы болмайды екен. Сол себепті оны күндіз, не кешкісін жегеніңіз абзал.
Суық сусындар. Суық су асқорыту процесін тежеп, баяулатады. Таңғы асыңызға тек қана жылы сусындарды ішіңіз.
Тәттілер. Таңғы асыңызға тәтті тағамдарды тұтынудан мүлдем бас тартқаныңыз жөн. Қандағы қант мөлшері шектен шықса, инсулин жетіспеушілігі туындап, диабет ауруына шалдығасыз.
Кофе. Кофемен басталған таңғы асыңыздан асқазан мен бауырға қоса, ұйқыбезі де орасан зор зардап шегеді.
Денсаулығыңызға салғырт қарамай, жоғарыдағы кеңестерге жүгінсеңіз, көп ұзамай, ағзаңыздағы оң өзгерістерді байқайсыз.
Әзірлеген Үміт Жұмаділова
http://kazgazeta.kz