Дұрыс тамақтану
Кез келген тіршілік иесі өмір сүру үшін өзіне қорек іздейді, яғни тамақтанады. Адам баласы да өмір сүру үшін тамақтанады, сондықтан қазақ халқы «Ас -адамның арқауы» дейді. Бәрімізге белгілі, заман өзгеріп, технология дамыды, осыған орай біздің тұтынатын тағам түрлерінің саныда артты. Осы орайда, тағамды қаншалықты орынды тұтынамыз деген сауал туындайды.
Қазіргі кезде дүкендерден қалағынымызша әлемнің түкпір- түкпіренен келетін түрлі жемістер мен дайын тағам өнімдерін сатып ала алмыз. Сол сияқты, мейрамханалар мен дүңгіршіктерге барып дәмі тіл үйіретін жылдам әзірленетін тағамдарға тапсырыс беріп немесе үйге алдырта аламыз. Бірақ, денсаулығымыз жақсы және ұзақ өмір сүргіміз келсе, оларды орынды қолдана білу керек.
Сонымен, дұрыс тағамдану үшін алдымен қазіргі кездегі жылдам әзірленетін тағамдардан, яғни фастфудтардан бас таруымыз қажет. Оның зияны мен салдары туралы көп айтылып жатқаны белгілі. Екіншіден, жеміс-жидектерді көп қолдану қажет. Әрине, оның да мөлшері мен сапасын білуіміз қажет. Себебі, қазір шетелден тасымалданатын жемістердің құрамында оларды сақтау үшін қосылған химиялық қоспалар болуы мүмкін. Үшіншіден, көкөністерді жиі қолдану қажет. Дәрігерлер буға пісірілген немесе дұрыс қайнатылған көкөністердің пайдалы екендігін айтады. Төртіншіден, көп тамақ жемеу қажет. Дәрігерлер азқазанның үштен бір бөлігінің бос болуы ас қортуға жақсы әсер ететіндігін айтады. Сондай-ақ, тағамды асықпай шайнап жеген пайдалы. Бесіншіден, тағамдарды уақытылы жеуіміз қажет. Мәселен, кешке қарай көп тамақтану немесе майлы тағамдар жеу дұрыс емес.
Қорытындылай келе, дұрыс тағамдану үшін қазіргі кезде жиі кездесетін жылдам әзірленетін тағамдардан бас тару қажет. Егер мүмкіндік болса, олардың орнын өзіміздің ұлттық тағамдар қазы-қарта, құрт, ірімшік және қымыз, қымыран, айранмен алмастыру қажет. Бұл тағамдардың пайдалы екенін бәріміз білеміз. Сонымен қатар, азық-түлік сатып алмай тұрып, оның құрамымен танысып, құрармындағы заттардың ағзамызға зияны жоқ екеніне көз жетікізіп алуымыз қажет. Сондай-ақ, «Ауру – астан» деген пікірді естен шығармай, жоғарыда айтылған қарапайым ережелерді сақтап, өзіміздің тағамдану мәдениетімізді қалыптастыра алуымыз керек.
«Қамшы» сілтейді