ҚҰРМАНЫҢ ҚАСИЕТІ
Құрма жемісін жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Алайда, оны тұтынушылар құрманың қандай қасиеттері барын біле бермейді.
Құрма – шығармашылықпен айналысатын, мимен жұмыс істейтін адамдар үшін аса пайдалы жеміс. Сондай-ақ, оны жүйке жүйесіне шағымы бар жандардың жиі пайдаланғаны жөн.Өйткені, ол бастың жақсы жұмыс істеуі үшін де дәрігерлер тарапынан ұсынылатын аса пайдалы жеміс.
Мысалы, құрманы аш қарынға жеу паразиттерді жояды. Оның құнарлылығы да жо,ары: 100 г құрма 281-ден 318 калорияға дейін құнарлы. Осы 100 г құрманың құрамында 20 мг фосфор бар. Фосфорға бай болуы себепті құрма жүйке жасушаларын нәрлендіріп, еңсені көтереді. Қатты шаршаған адамның өзіне құрманы жегенінен соң жарты сағат ішінде күш-қуаты оралады, сергектік пайда болады.
– Құрма глюкоза мен фруктозаға бай. Тәбетті шақырады.
– Диетолог мамандары дәмді де пайдалы бұл жемісті жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шеккен балаларға жегізуге кеңес береді.
– Құрма қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді.
– Құрма ішек қызметін қалыпқа келтіреді. (Іштің қатуы кезінде өте пайдалы)
– Құрма көз ылғалдылығының сақталуына көмектесіп, түнде көргіштігін жақсартады.
Ihsan.kz