Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы медициналық ұйымдар науқастарды қағазсыз қабылдауға көшеді. Сәйкесінше, науқастарға амбулаториялық карталар мен флюрографиялық жазбаларды алып жүрудің қажеті болмайды. Медициналық қызмет алу үшін оларға жеке куәлікті көрсету жеткілікті. «Биыл 1 қаңтардан бастап, 4 облыс (Қарағанды, Қостанай, БҚО) қағазсыз ауруханалар пилоттық жобасына енді. 1 сәуірден бастап, бұл пилоттық жобаға тағы 4 аймақ (ОҚО, Маңғыстау, Павлодар, СҚО) қосылды.  1 шілдеден бастап - қалған өңірлердің барлығы және Астана мен Алматы қалалары науқастарды қағасыз қабылдауға көшеді. Яғни, пилоттық жоба аясында амбулаториялық карталар жойылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсететін барлық медициналық ұйымдар 100% тек қана ақпараттық жүйелерде жазба жүргізеді және ақпараттар қағазға көшірілмейді», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде электронды үкімет пен медициналық ақпараттық жүйелер көмегімен дәрігерге онлайн-порталдар арқылы жазылу, дәрігерді үйге шақыру қызметтерін пайдалануға болады.

Massaget.kz
28 маусым 2018 ж. 1 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930