Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ СЫР ЕЛІНІҢ ӨНЕРПАЗ ЖАСТАРЫ БАҚ СЫНАУДА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ СЫР ЕЛІНІҢ ӨНЕРПАЗ ЖАСТАРЫ БАҚ СЫНАУДА


Бурабай демалыс аймағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Burabay Summer Fest» балалар мен жасөспірімдердің халықаралық телевизиялық фестивалі өтуде. 15 маусым мен 4 шілде аралығында өтіп жатқан фестивальге біздің Қызылорда өңірінен «Балбұлақ» балалар би тобы, 4 жеке орындаушы қатысуда. 
Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Өнерлі балалар мен жасөспірімдердің талантын шыңдауға, олардың танылуына үлкен үлес қосуға бағытталған аталмыш шараның жеңімпаздары 30 маусым күні анықталады. 
Халықаралық деңгейде өтіп жатқан «Burabay Summer Fest» фестивалінің Гала-концерті 3 шілде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. 
Айта кетейік, гала-концертке Қызылордадан Әбдікәрім Дулат, Ташмұхаммед Дильназ хорда «Ақ көгершін» әнін орындаса, Жалғасбаева Мая домбырашылар құрамында өнер көрсетеді. Ал, Тілек Нұрхожа театралды қойылымда «Ташша бала» ролін сомдайды. Сондай-ақ, «Балбұлақ» би ансамблі «Апажан», «Роза ветров» би композицияларында өнер көрсетпек. 
Дарынды бүлдіршіндерімізге сәттілік тілейміз!
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
24 маусым 2018 ж. 1 022 0