Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕЛІК ШЕРУІ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕЛІК ШЕРУІ ӨТЕДІ



Шеруге 6 мыңға жуық оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Ерташова мәлімдеді.
- Бұл кең көлемдегі республикалық акция, елімізде бір мезгілде яғни 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде өткізіледі. Барабаншылар отряды, үрмелі балалар оркестрі мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары Достық үйінен арбат арқылы орталық алаңға жүріп өтеді, - деді Құралай Ерташова.
Сонымен қатар, акция аясында 25 мамыр-15 маусым аралығында ерекше дарыны бар шығармашыл балалардың "Жұлдызай" республикалық фестивалі және "Балалар бастауы" әлеуметтік жобалардың республикалық конкурсы, «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны, балалардың жазғы сауықтыру демалысы ұйымдастырылады.
- Балалардың жазғы демалысы облыстағы 9 лагерьде ұйымдастырылмақ. Күндізгі мектепішілік лагерьлер, еңбек отрядтары, аула клубтары, экскурсиялар өткізіледі, - деп атап өтті Құралай Ерташова.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ФБ парақшасынан,
30 мамыр 2018 ж. 1 560 0