Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Бейсенбі күні ауданда «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс – 2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары мен арнайы техникаларының дайындығын тексеріп, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Қыстың қаһарына төтеп беру – тек бір мекеменің ғана емес, барлық қызметтердің бірлескен жұмысын талап ететін үлкен жауапкершілік. Осы мақсатта ұйымдастырылған оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар-әкімдіктер, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі құрамалар, жергілікті полиция қызметі және жедел медициналық жәрдем беру бригадасы, еріктілер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қыс мезгілінде орын алуы ықтимал табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ олардың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылатын жеке құрам мен техникалардың әзірлігін бағалау жиынында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің 129 қызметкері мен 41 арнайы техникасы сапқа тұрғызылды.
Саптық қарау барысында азаматтық қорғау қызметінің басшыларынан атқаратын міндеттері, күш-құралдардың әзірлігі және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы мәліметтер алынды. Аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы барлық құрылымдардың өкілдеріне қыс мезгілі келе жатқандықтан, қай уақытта болсын әзір болу қажет екенін айтып, азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдардың жұмысына сәттілік тіледі.
Оқу-жаттығуды бақылаған комиссия мүшелері барлық қызметтердің өзара іс-қимылы үйлесімді, дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Әрбір қызмет өз міндетін нақты білетінін, байланыс жүйесі үздіксіз жұмыс істейтінін, техника мен арнайы құралдардың қысқы кезеңге толық сай екенін көрсетті.
Өткізілген оқу-жаттығу қысқы ауа райының күрделі жағдайында шұғыл қызметтердің дайындығын тексеруге, халықты қорғау және эвакуациялау бойынша өзара іс-қимылды пысықтауға мүмкіндік берді.

«Өскен өңір» ақпарат
23 қараша 2026 ж. 15 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30