Цифрлық білімге бастар жол
Цифрландыру дәуірінде білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушыға сапалы білім беріп қана қоймай, оны жаңа заманның талаптарына бейімдеу. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Qazaq Digital Mektebi» республикалық пилоттық жобасы ауылдық және қала мектептерінің білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып отыр.Бүгінде цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласына дендеп еніп, білім беру жүйесіне де тың өзгерістер алып келуде. Заманауи мектептің міндеті – оқушыға дайын білім ұсынумен шектелмей, оның өздігінен ізденуіне, сыни ойлауына, ақпараттық технологияларды сауатты пайдалануына жағдай жасау. Осы тұрғыдан алғанда, «Qazaq Digital Mektebi» республикалық пилоттық жобасының маңызы ерекше.
Ауданымыздағы 40 мектептің арасынан іріктеліп, аталған жобаға қатысу мүмкіндігіне ие болған №84 негізгі мектеп үшін бұл – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Жоба мектептің цифрлық әлеуетін нығайтып қана қоймай, педагогтердің кәсіби дамуына, оқушылардың жаңа білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізуіне жол ашады.
Жоба арқылы цифрлық құралдарды пайдаланып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, оқу материалдарын меңгеруін жетілдіруге және жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады. Ал мұғалімдер үшін бұл – жаңа әдіс-тәсілдерді игеріп, сабақ беру тәжірибесін жетілдіруге берілген мүмкіндік.
Мұғалімнің кәсіби дамуы – жобаның басты тірегі
Жоба аясында №84 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шолпан Байкенжеева мен цифрлық сауаттылық пәнінің мұғалімі Алмасбек Қалдыбеков тамыз айында Астана қаласында арнайы біліктілікті арттыру курсынан өткен. Бұл даярлық мұғалімдерге жобаның талаптары мен жұмыс бағыттарын меңгеріп, цифрлық білім беру мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдануға негіз болмақ.

– Педагогтердің кәсіби дайындығы — жобаның нәтижелі жүзеге асуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Өйткені кез келген технологияның тиімділігі оны сабақ барысында орынды қолдана білуге байланысты. Мұғалімнің цифрлық құзыреттілігі артқан сайын оқыту әдістерін түрлендіруге, оқушылардың білім алу белсенділігін арттыруға және оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік көбейеді, – дейді біліктілігін арттыру курсына қатысқан мұғалімдер.
Қашықтан бірлескен сабақтар тәжірибедегі жаңашылдық
Қазіргі таңда №84 негізгі мектептің мұғалімдері 4-сынып оқушыларымен бірлескен қашықтан сабақтар өткізіп келеді. Атап айтқанда, математика пәнінен 15 сабақ, қазақ тілі пәнінен 15 сабақ және цифрлық сауаттылық пәнінен 6 сабақ ұйымдастырылған. Сабақтар Астана қаласындағы әріптестермен қашықтан бірлесіп өткізіліп, оқушыларға өзге білім беру ортасымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беруде.

Математика сабақтары логикалық ойлау мен есеп шығару дағдыларын дамытуға, қазақ тілі сабақтары тілдік білім мен сауатты жазу қабілетін жетілдіруге, ал цифрлық сауаттылық сабақтары технологияларды дұрыс әрі тиімді қолдану машығын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар қашықтан оқыту мұғалімдер арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, сабақ жоспарлау, оқу материалдарын ұсыну және оқушылардың білімін бағалау бағыттарында тәжірибе бөлісуге жағдай жасайды.
Жобаның тиімділігі неде?
«Qazaq Digital Mektebi» жобасының артықшылығын бірнеше бағыттан көруге болады. Біріншіден, білімге қолжетімділік кеңейеді. Қашықтан бірлескен сабақтар арқылы оқушылар өз мектебінен шықпай-ақ басқа білім беру ортасындағы педагогтермен бірге оқу мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, оқушылардың цифрлық сауаттылығы дамиды. Қазіргі қоғамда ақпаратты іздеу, оны саралау, цифрлық құралдарды қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану – әрбір оқушыға қажетті дағдылар. Үшіншіден, мұғалімдердің кәсіби әлеуеті артады. Жаңа технологияларды меңгеру, әріптестермен тәжірибе алмасу және заманауи әдістерді сабақта қолдану педагогтің кәсіби өсуіне ықпал етеді. Төртіншіден, білім беру ортасы жаңарады. Цифрлық технологиялар оқыту тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың белсенділігін арттыруға және оқу үдерісін олардың қажеттіліктеріне қарай ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сапалы білім – ел болашағының кепілі. Ал сол сапалы білімге бастайтын жолдың бірі – жаңашылдықты игеру, тәжірибемен бөлісу және әр оқушының әлеуетін ашуға ұмтылу. Аталған пилоттық жоба да осы мақсатқа бағытталған игі қадамдардың бірі болғай.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ