Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Инженерлік білім игілігі

Инженерлік білім игілігі

Президент тапсырмасына сәйкес ақпараттық технологиялар саласына келер жылға дейін 100 мың кадр даярлау міндеті тұр. Бүгінде еліміздегі оқу орындарының 80-нен астамы IT саласына маман даярлайды. Бірақ олардың көпшілігінде білім беру бағдарламасына қатысты туындап отырған түйткілдер баршылық.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда өткен «Digital Almaty-2024»: «Industry X: Бо­ла­шақ­тың цифрлық эволюциясы» атты VI цифрлық фору­мы аясында IT мамандар даярлауға талдау жасағанда цифрлы болашақтың мамандарына жоғары білім беріп, өз бағдарламасын жаңартып отыратын, зертханаларға, инфрақұрылымға инвестиция салатын, саладағы өзгерісті бақылайтын 14 жоғары оқу орнының анықталғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде жастардың көпшілігі ақпараттық технологияларды өз болашағымен байланыстырады. Сондықтан жоғары оқу орындары осы бағытта сапалы білім беру бағдарламасын күшейтуі керек. Мұның қатарында мамандықтың негізін, философиясын терең түсінетін әрі жүйелі көзқарасы бар мамандар даярлауды мақсат тұтатын инженерлік білім берудің ұлттық моделін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.
Индустрия 4.0. дәуірінде жоғары оқу орындары түлектерінің жасанды интеллектіні игеруде оқу бағдар­ламасының жаңа заманмен үйлесімі және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастығы өте маңызды. Осыған орай қазіргі кезде технологиялық инновацияларға бағытталған үздік тәжірибелерге назар аудару, интерак­тивті платформаларды, оқыту модельдерін дайындау қажет.
Ғылым және жоғары білім министрі осы орайда білікті мамандар даярлау мен заманауи оқу бағдарламасымен қамтамасыз етудің маңызына тоқталып, цифрлы эконо­ми­каның жаңа талабына сай әдістеменің қажет екенін алға тартты. Бұл бағытта білім бірлестіктері және техно­логиялық көшбасшылармен әріптестік еңбек нарығына бейінді мамандар тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осы бағытта былтырдан бастап мемлекеттік стандарт білім беру мен әдістеме тұрғысынан 90 пайызға өзгерген. Бү­гін­де еліміздің 14 жоғары оқу орнында AI-Literacy жасан­ды интеллект бойынша курстар өтеді. Келесі жылдан бастап жасанды интеллект саласында базалық білімі алу үшін «Huawei» компаниясының қолдауымен арнайы курс барлық студент үшін қолжетімді болады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық базасы озық «Huawei» компаниясымен келісімшарт жасалып, еліміздегі университеттерде 50 алдыңғы қатарлы зертхана ашу көзделіп отыр. Былтыр елімізде мұндай зертхананың 33-і ашылды.
Инновациялық технологиялар орталықтарын оқу үдерісіне интеграциялаудың маңызы мен болашақ түлектердің сапалы білім алуына тоқталған IDC вице-президенті Андрей Беклемишев әлемдік университеттер тәжірибесіндегі озық технологияны меңгеру, тәжірибені ұштау, жетекші компаниялармен ынтымақтастық арқылы инновациялық ортада дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін мамандан­дырылған орталық құру туралы айтты.
Бүгінде мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі өте өзекті саналады. Сарапшылар осы жағдайды өзгер­туге мүмкіндік беретін бірқатар факторды атап, білім беру бағдарламасын қазіргі еңбек нарығының қажетті­лігіне қарай бейімдеу, жастар арасындағы кәсіп­тік бағдарлау үрдісін жақсарту, сондай-ақ цифрлық индус­трия көшбасшыларын білім беру саласына тартуға назар аударды. Мысалы, «Huawei» сияқты алпауыт компанияларда тағылымдамадан өту, тренингтерге және конкурстарға қатысу түлектерге болашақта мүмкіндік ашып қана қоймай, табысы жоғары жұмыс орнына орналасуына ықпал етеді. Бүгінде аталған компанияда еліміздегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар бойынша оқу орындарын бітірген түлек­тер жұмыс істейді. Алдағы уақытта білікті маман­дар даярлауда жаңа технологияларға негізделген білім бағдарламасы мен зертханалар паркін көбейту міндеті тұр.
 
АЛМАТЫ 
16 ақпан 2024 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930