Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттердің стипендиясы 2 есе өседі

Студенттердің стипендиясы 2 есе өседі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында ЖОО студенттеріне арналған стипендияның жаңа мөлшерін жариялады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылғы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, оқушыларға стипендия мөлшері де артып келеді. Мәселен, бакалавриат студенттеріне - 36 мың теңге, докторанттарға – 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады", - деді министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауға баса назар аударылған.
"Магистратура деңгейінде - 5,8 %, докторантура деңгейінде – 0,94% ғана оқиды. Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бакалавриаттың арақатынасы 30-дан 45%-ға дейін, магистратура - 10%-дан астам, ал докторантура-2%-дан жоғары болуы тиіс", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

10 тамыз 2022 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031