Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекақы, шәкіртақы және зейнетақы өседі

Еңбекақы, шәкіртақы және зейнетақы өседі

Бүгіннен бастап еңбекақы  мен зейнетақы көбейеді, — деп хабарлады «Қазақпарат».
Фото: Интернеттен алындыЕңбекақы, шәкіртақы және зейнетақы өседі
Атап айтқанда, мұғалімдер жалақысы - 25 процент, мәдениет саласы қызметкерлерінікі - 35-50 процентке және әлеуметтік қызметтерде - еңбекақы 30-60 процентке көтеріледі.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған мұғалімдерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем беріледі, ал магистр дәрежесі бар дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және әскери оқу орындарының оқытушыларына қосымша 10 АЕК төленеді.
Сонымен бірге, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақтық зейнетақы 7% -ға өседі, ал оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңге болады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға артып, ең төменгі мөлшері — 16 839 теңге болады.
Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер шәкіртақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеді.
Осылайша, бакалавриат студенттеріне арналған стипендия – 26 186 теңге, магистратураға – 66 913 теңге, докторантура үшін 102 498 теңге төленеді.
03 қаңтар 2020 ж. 1 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930