Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттердің шәкіртақысы 30%-ға көтеріледі - министр

Студенттердің шәкіртақысы 30%-ға көтеріледі - министр


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30%-ға көтеріледі. Бұл туралы бүгін xалық алдындағы есептік кездесуінде білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов айтты.


"Жақында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30%-ға көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады",  -  деді Асxат Аймағамбетов. 

Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша елде 821 колледж бар, онда 488 мың студент оқиды. Жыл сайын тегін білім алуға шамамен 100 мың орын бөлінді.

Ол сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі материалдық-техникалық база ақсап тұрғанын айтты.Министрлік бұл мәселені шешу үшін жұмыс берушілермен тығыз жұмыс істеп жатыр екен.

Қазақстанда колледждердің тек 45% ғана қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

"Жасырудың қажеті жоқ, мысалы комбайн жүргізушісін дайындайтын колледждер бар. Бірақ ол жерде "Енисей" т.б сол секілді комбайнның өзі жоқ. Сондықтан колледждердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету өте маңызды»,  - деді министр. 

Оның айтуынша, «Жас Маман» жобасының аясында 3 жыл ішінде 180 колледж модернизацияланады.  Әр облыста шамамен 10 колледж осы бағдарламамен қамтылады.
28 маусым 2019 ж. 1 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031