Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кітап – AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: КІТАП ӘЛЕМІНЕ БІРГЕ ҚАДАМ БАСАЙЫҚ

«Кітап – AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: КІТАП ӘЛЕМІНЕ БІРГЕ ҚАДАМ БАСАЙЫҚ


Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап күніне орай «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Еңбекші» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Кітап – AMANAT» жобасы аясында «Кітап әлеміне бірге қадам басайық» тақырыбында білім сайысы өткізілді. Сайысты «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, «Еңбекші» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, №159 орта мектебінің директоры Асылхан Өмірәлив ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, тұрғындар арасында білімге деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Сайысқа «Еңбекші» БПҰ құрамындағы ұйымдардан әрқайсысы 4 қатысушыдан қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынға салды:
«Нұр-бөбек» бөбекжай-балабақшасы
«Әділжан» балабақша яслиі
«Еңбекші» ауылдық мәдениет үйі
№84 мектеп
№159 «Еңбекші» орта мектебі

Білім сайысы 3 кезеңнен тұрып, командалар оқыған кітаптары бойынша жарысқа түсті. Жарыс барысында қатысушылар әдебиет, тарих, мәдениет және жалпы білім бағытындағы кітап бойынша түрлі кезеңдерде өзара бақ сынасты.
Қазылар алқасының шешімімен:
I орын – «Еңбекші» ауылдық мәдениет үйі
II орын – №159 «Еңбекші» орта мектебі
III орын – «Нұр-бөбек» бөбекжай - балабақшасы жеңімпаз атанды. Шара соңында жеңімпаз командалар мен қатысушыларға партия атынан арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
05 мамыр 2026 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31