Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттер стипендиясы артады

Студенттер стипендиясы артады

Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ­Саясат Нұрбек ЖОО студенттеріне арналған стипендияның жаңа мөлшерін жариялады. Оның айтуынша елімізде стипендия көлемі 4 жылда екі есе көбейтілмек.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылғы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ оқушыларға стипендия мөлшері де артып келеді. Мәселен, бакалавриат студенттеріне – 36 мың теңге, докторанттарға – 150 мың теңге қарастырылған. Мұнан бөлек 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады», – деді министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауға баса назар аударылған. «Елімізде бакалавриат деңгейін алған азаматтардың 5,8 проценті магистратураны, 0,94 проценті ғана доктарантураны жалғастырады. Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бакалавриаттың арақатынасы 30-дан 45%-ға дейін, магистратура – 10%-дан астам, ал докторантура – 2%-дан жоғары болуы тиіс», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Рамазан ӘНӘПИЯ
15 тамыз 2022 ж. 558 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031