Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық ұстаз – заманауи білім бастауы

Цифрлық ұстаз – заманауи білім бастауы

Қазіргі білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – уақыт талабы. Осы бағыттағы педагогтердің ізденісін қолдауға арналған «Үздік ЖИ-ассистент (цифрлық ұстаз) – 2026» облыстық байқауы өтті.
Байқауды Қызылорда облыстық оқу орталығы ұйымдастырып, оған жалпы пән педагогтері қатысты. Үш кезеңнен тұрған байқауда мұғалімдердің жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісінде тиімді қолдануы, білім сапасын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдері және пәндік ЖИ-ассистенттерді әзірлеу шеберлігі сараланды.
Аталған байқауда аудандағы Ш.Уәлиханов атындағы №127 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Дәулет Қыпшақбайұлы ІІІ орын иеленді.
Алты жылдық еңбек өтілі бар жас маман білім берудегі заманауи технологияларды кәсіби тәжірибесімен ұштастырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған ізденістерімен ерекшеленіп келеді.
Мұғалімнің бұл жетістігі – білім саласында жаңа технологияларды меңгеріп, оны оқу үдерісіне енгізіп жүрген педагогтердің еңбегіне берілген баға.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
12 қазан 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031