«Amanat AI ToT» білім беру курсының бірінші күнгі сабағы басталды
Аталған курс Шиелі ауданының Жастар ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының қолдауымен жүзеге асуда.Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні «Руханият» орталығындағы Жастар ресурстық орталығында өткен алғашқы сабақтың ашылуында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Курсты Гүлнар Молдабекова, Ақмарал Ақпанбетова және Ғасырхан Мырзаханов жүргізді.
Сабақ барысында қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, цифрлық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған маңызды мәліметтер алды.
Курс аясында жас мамандарға заманауи технологияларды тиімді пайдалану, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын күнделікті жұмысқа енгізу жолдары түсіндірілді. Айта кетейік, аталған курс өңірлік тренерлерді даярлауға және жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс алдағы күндері де жалғасатын болады.







