Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық ұстаз – заман талабы

Цифрлық ұстаз – заман талабы

Бүгінгі білім беру жүйесінде цифрлық технология мен жасанды интеллектінің маңызы артып келеді. Осы бағыттағы педагогтердің кәсіби ізденісін қолдау мақсатында 30 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы №3 IT-мектеп-лицей базасында «Үздік ЖИ-ассистент (цифрлық ұстаз) – 2026» облыстық байқауы өтті.
Байқауда қатысушылар жасанды интеллект көмегімен оқу сапасын арттыру, жеке оқу траекториясын қалыптастыру және пәндік цифрлық өнім әзірлеу бағыттарында өз жобаларын таныстырды.
Аталған додада №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Нұғман Дәулет Қыпшақбайұлы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Алты жылдық еңбек өтілі бар жас ұстаздың бұл жетістігі – оның заман талабына сай ізденісінің, цифрлық технологияны сабақ үдерісіне тиімді енгізуге деген ұмтылысының нәтижесі.
Жеңімпаз Қызылорда облысының білім басқармасының Дипломымен және облыстық кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, ұстаздық жолына толағай табыс тілейміз!

Гүлхан ЯХИЯ
05 қазан 2026 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031