Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшпелі қабылдау: тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек

Көшпелі қабылдау: тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек

Аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмекті қолжетімді ету мақсатында көшпелі медициналық қабылдау өтті. «Біліміміз – Елімізге» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға «Болашақ» бағдарламасының түлектері – жоғары білікті медицина мамандары қатысып, 300-ден астам тұрғынға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті.
Іс-шара Қызылорда облысы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қолдауымен өткізілді. Көшпелі қабылдау барысында балалар кардиохирургі, интервенциялық кардиолог, эндокринолог, гинеколог, онкогинеколог, уролог, инфекционист-эпидемиолог, оториноларинголог және психолог мамандары ауданның 300-ден астам тұрғынына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті. Бұл бастама тұрғындарға бейінді мамандардан білікті кеңес алып, қажетті медициналық көмекке уақытылы жүгінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жергілікті медицина мамандарының тәжірибе алмасуына және кәсіби әлеуетін арттыруына жол ашты. Қабылдауға келген тұрғындар да ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталып, өз пікірлерін білдірді.
Бейбіт Рсымбетов, Шиелі кентінің тұрғыны:
– «Білікті маманның кеңесі, заманауи диагностика және дер кезінде көрсетілген медициналық көмек – денсаулықты сақтаудың маңызды кепілі екені бәрімізге белгілі. Көшпелі қабылдау менің көңілімнен шықты. Мамандардан қажетті кеңес алып, денсаулығымды нығайту бағыттарын айқындап шықтым.
Тұрсынай Дүйсенова, Жаңақорған ауданы Байкенже ауылының тұрғыны:
– «Қызылорда облысы әкімдігіне, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне және осы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының ұжымына алғысымды білдіремін. Ұлым атом саласында қызмет етеді. Көшпелі медициналық қабылдау туралы хабарды естіп, Шиеліге арнайы келдім. Мұнда өте сапалы медициналық кеңестер алып қайттым.
Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету, ауруларды ерте анықтау және профилактикалық жұмыстарды күшейту – денсаулық сақтау саласындағы маңызды басымдықтардың бірі. Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының ұжымы тұрғындардың денсаулығын қорғау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.

М.Кеңесұлы,
сурет автордікі
06 қазан 2026 ж. 23 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031