Алматылық дәрігерлер қоныстану бекеттеріндегі арыстықтарға тегін қызмет көрсетуде
Арыстағы апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.
Осы мақсатта Алматы қаласының дәрігерлері арнайы жылжымалы медициналық кешенмен Шымкентке келіп қоныстану орнындағы халыққа ем шараларын жасауда.
Нұрбек Байбосын, тілші:
– Мұнда қазір кардиолог, ревматолог, және хирургтар мен әйелдер үшін гинеколог мамандар қызмет көрсетуде. Жылжымалы кешенде медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай бар. Мұнда күн сайын дәрігерлерге 100-ден астам азамат келіп қаралады. Нақтырақ айтқанда, мешіт маңында Алматыдан келген дәрігерлер ЭКГ, УЗИ сынды дианостикалық тексеру жұмыстарын жүргізуде. Біз халықты тексеріп қана қоймай, диагностикалық көмек те көрсетіп жатырмыз», – дейді Қазақстан-Ресей медицина университетінің травматология, ортопедия және төтенше жағдайлар кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Дүйсенов.
Айта кетейік, Арыс қаласында орын алған оқыс жағдайдан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жалғасуда. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің бастысымен бір топ бас дәрігерлер, медицина қызметкерлері барлық бекеттерде халықты қабылдап, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтуда.
24.kz