Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында медициналық көмек көрсетілді

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында медициналық көмек көрсетілді

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен,«Гигант» бастауыш партия ұйымының қатысуымен Бидайкөл ауылында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагер қарт кісілерге медициналық көмек көрсету шарасы өтті.

Игі шараға аудандық партия филиалының консультанты Нұрсұлтан Сапарбаев, "Гигант" бастауыш партия ұйымының төрағасы Айжан Қарекеева, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері мен медицина мамандары қатысты.

Шара барысында дәрігерлер ардагерлердің денсаулығын тексеріп, қажетті кеңес беріп, қан қысымын өлшеп, алғашқы медициналық қызмет көрсетті. Ардагер қарт кісілер ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Бұл игі бастама – аға буынға деген құрметтің,
қамқорлықтың нақты көрінісі. Ардагерге құрмет – елге құрмет!

#АрдагерлердіАрдақтайық
#AMANAT
06 қаңтар 2026 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930