Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘСЕЛЕ – МІНБЕРДЕ, ШЕШІМ – НАЗАРДА

МӘСЕЛЕ – МІНБЕРДЕ, ШЕШІМ – НАЗАРДА

Таяуда аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда жергілікті басқару және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы жұмыстар талқыланды.

Жиында аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Айнаш Рсымбетова баяндама жасап, мәслихаттың атқаратын қызметі, халықпен кері байланыс орнату және қоғамдық бақылаудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жергілікті басқарудың тиімділігі – халықпен ашық диалог орнату, қоғамдық бақылауды күшейту және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін шешім қабылдау процесіне енгізумен тікелей байланысты. Сондай-ақ мәслихат аппаратының жұмысын заман талабына сай оңтайландыру мақсатында нормативтік-құқықтық база жаңартылды. Мәселен, 2023 жылғы 16 қаңтардағы №35/2 шешімнің күші жойылып, мәслихат аппаратының жаңа ережесі бекітілді. Бұл құжат аппарат қызметін жүйелеп, депутаттардың жергілікті қоғамдастықпен өзара байланысын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. С о н ы м е н қ а т а р « А з а м а т т а р ғ а арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Шиелі аудандық бөлімінің басшысы Н.Әбітханов бөлімнің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, есепті кезеңде мемлекеттік бюджеттен тағайындалған және қайта қаралған құжаттардың жалпы саны 7766-ны құраған. Оның ішінде 4642 құжат жаңадан тағайындалса, 3124 құжат қайта қаралған. Уәкілетті орган тарапынан жаңадан тағайындаулар бойынша 1344 құжат кері қайтарылған. Бұл ретте бөлім мамандарының кінәсінен қайта қарауға түскен іс макеттері болмаған. Құжаттардың кері қайтарылуына еңбек кітапшасындағы мөрдің болмауы немесе анық түспеуі, әртүрлі сияның қолданылуы, мекеме атауының өзгеруі секілді сәйкессіздіктер себеп болған. Әлеуметтік көмек тағайындау барысында да бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға жәрдемақы рәсімдеу кезінде мекенжай деректерін нақтылау, ата-анасы ажырасқан жағдайда баланың кіммен бірге тұратынын сот шешімі арқылы растау талап етіледі. Өтініштердің басым бөлігі электронды түрде қабылданатындықтан, кей жағдайда қосымша құжаттарды алдыру немесе деректерді түзету қиындық туғызады. Жиында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша атқарылған жұмыстар да қаралды. Жыл басынан бері жаңадан тағайындалған және қайта қаралған құжаттар саны 2263 болса, оның 1734-і жаңадан тағайындалған, 529-ы қайта қаралған. Қорға кері қайтарылған құжаттар саны – 77.

Кері қайтарудың негізгі себептері ретінде әлеуметтік аударымдардың сәйкессіздігі, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары бойынша аударымдардың уақытылы жүргізілмеуі, салық есебіндегі мәселелер және қажетті құжаттардың ұсынылмауы көрсетілді. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау сапасын арттыру мақсатында бөлім тарапынан алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жүктілікке байланысты демалысқа шығатын азаматтарды алдын ала тексеру қолға алынған. Сонымен бірге мекеме басшылары мен есепшілеріне ай сайын түсіндіру және оқыту жұмыстары өткізіледі. О т ы р ы с б а р ы с ы н д а ә л е у м е т т і к қамсыздандыру саласындағы мәселелерді дер кезінде шешу, азаматтарға құжат рәсімдеу тәртібін түсіндіру жұмыстарын күшейту және кері қайтарылатын құжаттар санын азайту қажеттігі айтылды. Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңызын атап өтті.

С.МАДИЯРОВА

01 қыркүйек 2026 ж. 15 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930