Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕДИАТОРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

МЕДИАТОРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Қазақта «Дау мұраты – біту» деген сөз бар. Бүгінде медиациямен дауды шешу өмір талабы болып тұр. Медиация қызметі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастарға, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға, әкімшілік сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларға қолданылады.
Жұма күні «Руханият» орталығында Шиелі ауданы әкімінің қолдауымен, аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы шеңберінде және «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігің ұйымдастыруымен этномедиация бойынша медиаторларға арналған оқыту семинар-тренингі өтті. Шараны аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев жүргізді. Семинарға аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аналар кеңесінің төрайымы, кент және ауылдық округ бойынша кәсіби емес медиаторлар және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Қазіргі таңда қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда, дау-дамайларды бейбіт жолмен шешуде, түрлі этнос арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда этномедиацианың орны ерекше. Этномедиация – тек жанжалдың алдын алу құралы ғана емес, ол қолғамдық келісімді, мәдениеттер үндестігін және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды институт.
Өткізілген семинардың мақсаты – медиаторлардың этносмедиация саласынедағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, этносаралық қатынастардағы жанжалдардың алдын алу және оларды тиімді шешу дағдыларын дамыту. Сондай-ақ нақтиы тәжірибе алмасу алаңына айналдыру болып табылады.
Оқыту семинар-тренингке арнайы келген «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облысы ­бойынша филиал төрағасы, медиатор Болатбек Серікбайұлы сөз алып, жиналған қауымға этномедиация ұғымы, этносаралық жанжалдардың ерекшелігі, Қазақстандағы қоғамдық келісім моделі, медиатордың кәсіби этикасы жөнінде құнды ақпараттарымен бөлісті. Сонан соң сөз алған Шиелі ауданының әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы ақсақалдардың рөліне тоқталды. Сондай-ақ кез келген дау-дамайды сабырмен, парасатты сөзбен және өзара келісім арқылы шешудің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға ақ батасы мен ізгі тілегін жеткізді.
Семинарда кәсіби медиаторлар нақты оқиғаға сүйенген дауды шешу мен бітімге келу жолын үйретіп, тәжірибелерімен бөлісті. Жиында Қазақстандағы медиацияның өзектілігі, медиацияны қолдану аясы, кәсіби медиаторлардың озық тәжірибелері мен осы салада кездесетін өзекті мәселелер туралы айтылды. Сондай-ақ ауылдық округ бойынша кәсіби емес медиаторлар да өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасты.

«Өскен өңір» ақпарат
10 тамыз 2026 ж. 24 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31