Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбиелік тағылымға толы кино кеші

Тәрбиелік тағылымға толы кино кеші

Жақында "Сыр ұланы" тынығу лагерінде демалып жатқан оқушылардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру және олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында тәрбиелік мәні зор мәдени іс-шара өткізілді.
"Адал адам" мәдени-тәрбие орталығының "КИНО TIME" жобасы аясында лагерь тәрбиеленушілеріне арнайы кинофильм көрсетілді. Кино көрсетілімінің басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың бойына адалдық, адамгершілік, мейірімділік, достық пен жауапкершілік секілді асыл қасиеттерді сіңіру болды.
Көрсетілім барысында оқушылар фильмді ерекше қызығушылықпен тамашалап, туындының тәрбиелік мазмұны арқылы өмірлік құндылықтар жөнінде ой түйді. Мұндай мәдени-танымдық шаралар жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, олардың рухани дамуына оң ықпал етеді.
"Адал адам" мәдени-тәрбие орталығының "КИНО TIME" жобасы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және ұлттық әрі жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қоса береді.


22 шілде 2026 ж. 32 0