Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы қалай өтуде?

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы қалай өтуде?

Балалар жылы: лагерьге тегін жолдама кімдерге беріледі? 2026 жылғы 26 мамырдағы Облыс әкімі М.Н.Ергешбаевтың төрағалығымен бекітілген үкімет отырысында қаралған мәселелер бойынша өткен мәжілістің хаттамасын, Облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбетпен бекітілген «Қызылорада облысы бойынша балаларды сауықтыру ұйымдарының «Қызылорда облысы бойынша балаларды сауықтыру ұйымдарының 2026-2028 жылдарға дайындығын ұйымдастыру іс-шаралар жоспары» мен 2026 жылғы жазғы кезеңге балалардың демалуын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырылуы бойынша Шиелі аудандық білім бөлімінің мәліметіне сүйене отырып, Шиелі кентіндегі «Сыр ұланы»лагеріне-700 бала, мектеп жаныныдағы бір мезгіл тамақпен 37 мектепте 2660 бала, бір мезгіл тамақсыз 38 мектепте 12819 бала тынығып сауықтыру жоспарланған. Сондай-ақ мектеп жанындағы сауықтыру жұмыстары бойынша 360 бала, 6 мектеп жанындағы этно лагерге 470 бала, ұлттық құндылықтар бойынша  450 бала, 6 археологиялық лагерге 520 бала, спорттық бейімделген 7 мектеп жаны лагеріне 590 бала қамтылып, жалпы барлығы 4880 тартылған.Білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитеті есебінен 100 бала өзге облыстардағы лагерлерде демалса, кәсіпорындар есебінен 150 бала, демеушілік есебінен 205 бала, ата-анасының қатысуымен 965 бала сауықтырылып, жалпы сауықтыру жұмыстары бойынша 16179 бала қамтылады. Ауданымыздағы «Сыр ұланы» лагері балаларды демалдыру іс-шарасын 01.06.2026 жылдан басталды. 20.05.2026 жылы №KZ00VWF00571585 санды санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы алынған. Лагерде 700 бала демалдыру жоспарланған, қазіргі таңда 3 кезеңде 300 бала демалдырылды. «Сыр ұланы» тынығу лагері жұмысы аудан әкімінің орынбасарының, аудандық білім бөлімінің мамандарының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Лагерь 2000 жылдан бері  бейімделген бала бақша  ғимаратыныңбір бөлігінде орналасып жұмыс жасауда.100 орынға арналып 4 топ жабдықталған. «Сыр ұланы» тынығу лагерінің ғимаратына маусымдық жұмыс жасауға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы алынған. Лагердің медициналық талаптарға сәйкес жұмыс жасауына арнайы «Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны 24.04.2026 жылғы №206 бұйрығына сәйкес  (балалар дәрігері, тіс дәрігері, аймақтық дәрігер) мамандары бекітіліп, іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар атқарылуда. Аккредиттелген «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы филиалымен 24.04.2026 жылы №25 санды келісім шарт арқылы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін аспаптық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, өндірістік бақылауға, 22.04.2026 жылғы №24/00 санды «Дезинфекция, дезинсекция және дератизация» жұмыстары бойынша келісім шарттар жасалынып, әр ауысым сайын жұмыстар жүргізілуде. Шиелі аудандық СЭББ-сының 01.06.2026 жылғы №33-НҚ санды, «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Шиелі аудандық бөлімшесінің 01.06.2026 жылғы №19 санды «Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың демалысын, тамақтануын ұйымдастыру, санитариялық-техникалық жағдайының талапқа сәйкестендірілуі, өндірістік бақылаумен қамтылуы, жұқпалы және топтасқан тағамнан уланудың алдын алуы туралы» бірлескен бұйрығы бойынша 5 рет семинар өткізілді. Әр кезеңде өткізілген семинарларФЭЙС бук әлеуметтік желісіне жарияланып отырылуда. Өндірістік бақылаудың келісім шартына сәйкес, бактериологиялық зерттеуге 12/0 тағам үлгісі, 3/0 ауыз су, 60/3 шайынды, санитарлық-химиялықзерттеуге құнарлылыққа 9/0 тағам үлгісі, 3 залалсыздандыру ерітіндісі зертханалық зерттеуге алынды. Өткізілген семинар-5,дөңгелек үстел-1, тікелей эфир-2, лекция-4,әңгіме-12, ақпараттық түсіндірме жұмыстары 5 жүргізілді. Семинарға әр ауысымда 12-14 адамнан қатысты.
Ш.М.Нұржанова
Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
08 шілде 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031