Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру

    2025 жылғы жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтырылуын, демалысын, бос уақытын өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспары бойынша Шиелі аудандық білім бөлімінің мәліметіне сүйене отырып, Шиелі кентіндегі «Сыр ұланы»  лагеріне-700 бала, мектеп жаныныдағы бір мезгіл тамақпен 32 мектепте 2520 бала, бір мезгіл тамақсыз 38 мектепте 6500 бала тынығып сауықтыру жоспарланған. Сондай-ақ мектеп жанындағы сауықтыру жұмыстары бойынша 360 бала, 6 мектеп жанындағы этно лагерге 544 бала, ұлттық құндылықтар бойынша  1392 бала, 6 археологиялық лагерге 1131 бала, спорттық бейімделген 27 мектеп жаны лагеріне 2318 бала қамтылып, жалпы барлығы 5745 тартылған.Білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитеті есебінен 50 бала өзге облыстардағы лагерлерде демалса, кәсіпорындар есебінен 135 бала, демеушілік есебінен 155 бала, ата-анасының қатысуымен 350 бала сауықтырылып, жалпы сауықтыру жұмыстары бойынша 16155 бала қамтылады.
    Ауданымыздағы «Сыр ұланы» лагері балаларды демалдыру іс-шарасын 01.06.2024 жылдан басталды. Лагерде700 бала демалдыру жоспарланған, қазіргі таңда 2 кезеңде 200 бала демалдырылған. «Сыр ұланы» тынығу лагері жұмысы аудан әкімінің орынбасарының, аудандық білім бөлімінің мамандарының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Лагерь 2000 жылдан бері  бейімделген бала бақша  ғимаратыныңбір бөлігінде орналасып жұмыс жасауда.100 орынға арналып 4 топ жабдықталған.
«Сыр ұланы» тынығу лагерінің ғимаратына маусымдық жұмыс жасауға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы алынған. Лагердің медициналық талаптарға сәйкес жұмыс жасауына арнайы «Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны бұйрығына сәйкес(балалар дәрігері, тіс дәрігері, аймақтық дәрігер) мамандары бекітіліп,іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар атқарылуда. Аккредиттелген «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы филиалымен 12.03.2025жылы №2 санды келісім шарт арқылы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін аспаптық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, өндірістік бақылауға,12.05.2024жылғы №01 санды «Дезинфекция, дезинсекция және дератизация» жұмыстары бойынша келісім шарттар жасалынып, әр ауысым сайын жұмыстар жүргізілуде. Шиелі аудандық СЭББ-сының 20.05.2025 жылғы №23-НҚ санды, «Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» 21.05.2025 жылғы №205 санды, аудандық білім бөлімінің 21.05.2025 жылғы №37 санды «Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың демалысын, тамақтануын, медициналық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру туралы» бірлескен бұйрығы бойынша 5 рет семинар өткізілді. Әр кезеңде өткізілген семинарларФЭЙС бук әлеуметтік желісіне жарияланып отырылуда.Өндірістік бақылаудың келісім шартына сәйкес, бактериологиялық зерттеуге 8 тағам үлгісі, 2 ауыз су, 80 шайынды, санитарлық-химиялықзерттеуге құнарлылыққа 9 тағам үлгісі, 2 залалсыздандыру ерітіндісі зертханалық зерттеуге алынды. Зертханалық зерттеуге алынған үлгілерден сәйкессіздіктер анықталмады.
Ш.М.Нұржанова
Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
25 маусым 2025 ж. 48 0