Шиелінің шәрбаты жаздың шырайы
Дәл қазір Шиелі даласы берекеге бөленген мезет. Бақша басында қауын мен қарбыздың алғашқы легі пісіп, жеміс-жидек молынан жиналған шақта аудан базарының да тіршілігі қыза түскен. Таңсәріден базарға ағылған жұрт біреуі қып-қызыл қарбызын, енді бірі аңқыған қауынын таңдап, қысқы қамына қажет жеміс-жидегін алып жатыр. Осы үшін де жазды диқанның маңдай тері ақталып, жердің несібесі ел дастарханына жететін берекелі мезгіл атаймыз.Топырақтың тылсым қасиеті
Шиелінің топырағы айрықша. Сырт көзге сортаң тартып жатқандай көрінгенімен, осы жердің қойнауында табиғаттың ерекше сыйы бар. Қарбызын жарып қалсаңыз, қып-қызыл еті көз тартады. Қауынын тілгенде аңқыған жұпар иісі жан-жағына жайылып кетеді. Бір тілімін ауызға салсаңыз, шырынға толы дәмі таңдайда ұзақ сақталады. «Шиелінің жерінде тұздың мөлшері басқаша. Сондықтан мұнда өскен қауын да, қарбыз да ерекше тәтті болады» дейді көнекөз қариялар. Ғылыми дәлелі қандай болса да, бір нәрсе анық – Шиеліде піскен өнімнің дәмі өзге өңірдің өнімінен өзгеше.

Диқанның төрт жылдық еңбегі
Жердің бабын тауып, мол өнім алудың машақаты көп. Көктемде басталған еңбек күзге дейін бір сәт толастамайды. Шиелілік бағбан Диас Алмасұлы мұны жақсы біледі. Ол биыл төртінші жыл қатарынан бақша өнімдерін өсірумен айналысып келеді. Диастың бақшасында қауынның бес түрі, қарбыздың үш түрі өсіп тұр. Әр сорттың күтімі де әртүрлі.

– Әр қауынның мінезі бөлек. Біріне су көбірек керек болса, екіншісі ыстыққа төзімді. Қарбыздың да әр сортының ерекшелігі бар. Күтімін дұрыс жасамасаң, мол өнім ала алмайсың, – дейді бағбан.
Көктемнің алғашқы күнінен басталған тынымсыз еңбек бүгінде өз жемісін беріп отыр. Алғашқы қауын мен қарбыз базарға шығарылып, тұтынушылардың сұранысына ие болған.
Базардағы береке
Қазір аудан базарының ең өтімді тауары – жергілікті бақша өнімдері. Бірақ биыл былтырғыдан қымбаттау. Кішкентай әңгелектің өзі 400-500 теңгеден сатылып жатыр. Ал қарбыздың келісі – 200 теңге. Баға өскенімен, сұраныс төмендеген жоқ. Себебі сатып алушылар үшін ең бастысы – табиғи өнімнің дәмі мен сапасы.

Жергілікті қызанақтың келісі 200–250 теңге аралығында болса, қияр 200 теңгеден саудалануда. Сатушылардың айтуынша, күн сайын жаңа өнім жеткізіліп, түске дейін-ақ көп бөлігі өтіп кетеді.
Жеміс маусымы қызып тұр
Шілде айының келуімен жеміс-жидек те молынан пісіп жатыр. Биыл әсіресе өріктің бағасы айтарлықтай қымбат. Бұрын шағын шелегі 700–1000 теңгеден сатылса, қазір дәл осы ақшаға бір келі ғана келеді.

Одан бөлек жаздық алма – 350-500 теңге, шие – 600-900 теңге, қара өрік – 500-700 теңгеден сатылып жатыр. Таңертең ерте базарға келген жұрт ең сапалы жемісті таңдап алуға асығады. Өйткені дәл осы кезең – қысқа қам жасаудың қызған шағы.
Қыстың қамы – жаздан
Базарда қоржыны шие мен өрікке толы Айым есімді тұрғынды кездестіріп қалдық.

– Кампот жабамын. Банкаларымды дайындап қойдым. Бүгін бес келі шие, тоғыз келі өрік, қақпағы мен шекерін алдым. Барлығына шамамен 20 мың теңге жұмсадым. Бұйырса, жиырмадан астам банка шығады. Әлі басқа жемістерден де тосап пен кампот жасаймын. Балаларым қыс бойы өзіміздің жемістен дайындалған сусынды ішкенді жақсы көреді, – дейді ол.
Расымен де, ауылдағы әр үйде осы мезгіл – қызу тіршілік кезеңі. Бірі тосап қайнатып жатса, енді бірі қияр мен қызанақ тұздап әлек.
Молшылықтың негізі – маңдай тер
Жерге дән сепкен адамның еңбегі сырт көзге оңай көрінгенімен, әр өнімнің артында айлар бойғы тынымсыз еңбек жатыр. Көктемгі жер жырту, тұқым таңдау, суару, арамшөп жұлу, аптап ыстықтағы күтім – мұның бәрі мол өнімнің кепілі. Диқанның алақанына түскен әр қауын, әр қарбыз – төгілген тердің өтеуі. Сондықтан жергілікті өнімді сатып алу арқылы тек табиғи тағам тұтынып қоймаймыз, туған жердің еңбек адамын қолдау білдіреміз.

Жаздың қызығы да – дәл осы шақ. Дала аңқыған қауын иісіне бөленіп, базар берекеге толған кезеңде әр шаңырақ қысқа қам жасап жатыр. Ең бастысы, жердің несібесін еселеп отырған диқандардың еңбегі ақталып, туған өлкенің тәтті өнімдері ел дастарханына молынан жетсін.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ