Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ӘЙЕЛДЕР БИЗНЕСІНІҢ НЕГІЗІ

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ӘЙЕЛДЕР БИЗНЕСІНІҢ НЕГІЗІ

«Арман» мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Маркетинг және қаржылық сауаттылық – әйелдер бизнесінің негізі» тақырыбында семинар өтті.

Шарада Әйелдер қанаты мүшелерінің қолөнер бұйымдары, өндірілген өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай - ақ "Кітап - AMANAT" жобасы бойынша жұмыстар таныстырылды. Жиынды «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы ашып беріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты көтеру бағытында мазмұнды баяндамалар жасалды.

Семинарды «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты Әйелдер қанатының жетекшісі Нұрманова Сәуле Құрманәліқызы жүргізіп отырды. Шара барасында «Әйелдер қанаты: партияның негізгі тірегі» тақырыбында – «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Исмаилова Гаухар Бақытжанқызы, «Қаржылық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында – «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының Қызылорда облысындағы өкілі Мәмен Балдырған Нұртуғанқызы, «Ауыл аманаты» жобасы: кәсіпкерлікке кең өріс» тақырыбында – жоба қатысушысы Бақымова Нұргүл Базарбекқызы, «Кәсіп – береке бастауы» тақырыбында – ЖК «ARIGOK тәттілері» директоры Тлеубай Арайлым Бағдатқызы баяндама жасады.
Семинарда психолог - тренер Аймаханова Назира Кенжебекқызы «Әйелдер психологиясы» тақырыбында қатысушыларға тренинг өткізді.
Сонымен қатар әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, маркетингтік дағдыларды дамыту, қаржыны тиімді басқару мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын соңында «AMANAT» партиясының қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттер мен «Кітап - AMANAT» партиялық жобасы аясында өткен білім сайысының жеңімпаздарына арнайы сертификаттарды салтанатты түрде «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімі басшысы Исмаилова Гаухар Бақытжанқызы табыстады.

21 мамыр 2026 ж. 123 0